ЭПИДЕМИЯ ТУДЫРАТЫН АУРУЛАР ТІРКЕЛМЕДІ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдай туралы Заңына сәйкес эпидемиялар мен індеттер төтенше жағдай енгізуге негіз болатын мән-жайлар болып табылады.

Жыл басынан бері Түркістан қаласында оба, сібір жарасы, құтыру, тырысқақ, безгек, конго-қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) сынды жұқпалы аурулар тіркелмеді,-деп хабарлайды uakit.kz Түркістан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Аталған басқарманың бөлім басшысы Раушан Қалдыбекова uakit.kz-ке берген мәлімдемесінде Түркістан қаласы төмендегідей жұқпалы аурулардың таралуына қолайлы аумақ екенін жеткізді. Атап айтқанда,  оба, сібір жарасы, КҚГҚ, құтыру, жіті енжар салдану, ротавирус, тырысқақ, пастереллез, лептоспироз, листериоз, безгек, туляремия, трихиниллез, трихоцефалез,  дифтерия, сал, паротит, серозды менингит, паратифтер, гименолипедоз,  стронгилоидоз, сіреспе, қызылша, қызамық, көкжөтел, энтеровирусты инфекция, іш сүзегі, амебиаз, токсокароз, иерсиниоздар, геморрагиялық қызбалар, кене энцефалиті, лямблиоз, тениаринхоз, сифилис, трематодоздар, диляфиляриоз, тениоз, дифиллоботриоз, альвеококкоз, токсоплазмоз аурулары.

Жыл басынан бері қалада көрсетілген жұқпалы аурулар бойынша аурушаңдық тіркелмеген.