ШЫМКЕНТТЕ ПАТРИОТИЗМДІ НАСИХАТТАЙТЫН ШАРА ӨТТІ

91
0

Шымкент қаласында қалалық Білім басқарамасының ұйытқысымен жасөспірімідердің ұлттық патриоттық рухын ояту мақсатында «Үздік ту ұстаушылар мен барабаншылар» сайысы ұйымдастырылып, сайыс жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосымша білім беру оқу салалық орталығының» 2022 жылғы жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 04 қараша күні 2022 жыл — Балалар жылына орай күзгі демалыс жоспарына сәйкес «Оқушылар сарайының» ұйымдастыруымен балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 4 аудан мектептерінің «Үздік ту ұстаушылар мен барабаншылар» арасында суперфинал өтті.
Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, рухани байлық қалыптастыру. Байқау ережесі бойынша топ жарған тушылар дабыл маршымен бірдей жүріп, 4 маршты орындап, «Квадрат», «Эстафета» саптық фигураларды және патриоттық әнді топпен сапта жүріп орындады. Ұйымның Туы жиын төріне енгізіліп, Мемлекеттік Гимн орындалды. Сайысқа шақырылған қонақтар балаларды құттықтап, сөз сөйлеп, ыстық лебіздерін білдірді. Сайысқа мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында жас өрендерден құрылған «Алтын ғасыр» вокалды тобы «Қазақстан» әнін орындап содаң соң «Отан» әнін орындады. Балалардың «Үздік ту ұстаушылар мен барабаншылар» сайысына үлкен дайындықпен келген. Олардың дайындығы жоғарғы деңгейде екені көрініп тұрды. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде – Терешкова атындағы №31 жоббм, І орын — №55 жоббм, ІІ орын — Лермонтов атындағы №17жоббм, ІІІ орын — Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мл. иеленді. «Аль Фараби атындағы мектебі» ЖШС мен №99 мг де марапатталды. Жеңімпаздар кубоктармен және Оқушылар сарайының мадақтамасымен марапатталды. Жиын «Көк тудың желбірегені» әнімен қорытындыланды. Қатысушылар қонақтармен естелікке суретке түсті.