381 АЗАМАТҚА ЗАҢГЕР КЕҢЕСІ БЕРІЛГЕН

107
0

Бүгінде елімізде әр азаматтың жан-жақты дамуына мейлінше жағдай жасалып келе жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі оңалту орталықтары жұмыс істеуде. Түрлі жағдайға тап болған жандарды панасына алатын мұндай орталықтың қызметін тұтынушылар да жетерлік. Мәселен, Шымкент қаласындағы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесімен тікелей айналысатын бірегей мекеме — «Бақытты жанұя» орталығы.

Орталықтың мақсаты – қиын жағдайға тап болған әр-бір отбасыға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек, сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету. Мекеме жалпы 20 бағыт бойынша қызмет алушыларға көмек көрсетсе, биыл жыл басынан қысқа мерзімді тегін оқу курстарынан 600-ден аса ана өткен. Бүгінгі таңда, қала бойынша 37 014 адамға (ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелуіне және т.б.) қызмет көрсетілді. Оның ішінде: 527 азаматқа психологтың жеке кеңесі, 381 азаматқа заңгер кеңесі берілген. Табыс тауып, кәсібін игеруге қолдау көрсету үшін арнайы тігіншілік, кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM, балаларға арналған массаж, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед курстары ұйымастырылған. Кәсіптік тегін оқу курсынан өткен азамтшалар арасында кәсіптің қыр-сырлары туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 ана грант иегері атанды. Бүгінде кәсібін ашқан азаматшаларға құқықтық көмектер көрсетілуде. Жыл басына бері «Бақытты жанұя» орталығына 28 мыңға жуық отбасы жүгінген. Яғни бұл – бір күннің ішінде орташа есеппен 750-ге жуық азамат аталған орталықтың қызметіне жүгінеді деген сөз.