ДЕНІ САУ ҰРПАҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚУАТТЫ КҮШІ

67
0

Елімізде денсаулық сақтау саласы жоғары қарқынмен дамып келеді. Соңғы уақытта медициналық орталықтар заманауи технология және қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылуда. Қала берді жеке инвесторлар тарапынан ашылып жатқан медициналық нысандар да саланың дамуына ықпал етіп келеді. Бүгінде Шымкент қаласында медицина саласында атқарылып жатқан жұмыстарға арнайы тақырып арнауға болады. Ақ халаттылардың қажырлы еңбегінің арқасында өңірдегі жұқпалы аурулардың таралу жылдамдығы бәсеңсіген.

Бұдан бөлек, «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы шеңберінде, сондай – ақ ана мен бала денсаулығын қорғау саласында бала жылын өткізу іс-шаралар жоспарының негізгі бағыттары бойынша, балалардың, мүгедек балалардың құқықтарын іске асыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. 2022 жылдың 1 жартыжылдығында Шымкент қаласында 15325 бала, 2021 жылы 16513 бала дүниеге келді.  Бала туу 1188 балаға 6,4%-ға төмендеді. Оның ішінде егіздер-194, үшемдер-1 (2021 жылы егіздер-174,  үшемдер — 2), егіздердің тууының 18 жағдайға өсуі байқалды (10,2%). 2022 жылғы 6 айдың серпінінде ана өлім — жітімінің көрсеткіші 78,3% — ға-2021 жылғы 30,3-тен 2022 жылы 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 6,5-ке дейін төмендеді. Жоспарлы индикатор – 86% кезінде жүкті әйелдерді жеке және пәнаралық босанғанға дейінгі бақылаумен қамту 88%-ға дейін ұлғайды. 2022 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 10,9%-ға төмендеу үрдісіне ие және 1000 тірі туылғандарға шаққанда 9,0-ды құрайды. Ауруларды уақтылы анықтау және балалар мүгедектігін төмендету мақсатында ерте жастағы балаларды проактивті скринингтермен (неонаталдық, аудиологиялық, офтальмологиялық, психофизикалық) қамту 86% — ға дейін өсті. Салада атқарылатын жұмыстар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Денің сау ұрпақ –ұлттың негізгі тірегі. Осы орайда, ана мен баланың денсаулығында кінәрат болмауы үшін дәрігерлер жүйелі жұмыс істеп, қажет шараларды қолға алуда.