ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ БАСТЫ НАЗАРДА

119
0

Бүгінгідей сын сағатта әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларды қолдаудың маңызы зор. Өз кезегінде, Шымкент қаласында қолға алынып жатқан шаруалар да аз емес. Бүгінде тұрмысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Бұл көмек түрі табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.

Төлем аз қамтамасыз етілген отбасыларға ақшалай төлем, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар, яғни оқытуға, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, шағын несие және грант беруге, тұрақты жұмыс орындарына жолдама беру, табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтама (азық-түлік жиынтығымен және тұрмыстық химия жиынтығымен қамтамасыз ету; оқу орны бойынша тегін тамақтануды, мектеп формасы мен мектеп керек-жарақтарын, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді ұсыну) сынды бағыттар бойынша жұмыс істейді.

2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 11 988 отбасыға немесе 59 051 адамға тағайындалды. 2022 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 8 964 отбасыға немесе 43 762 адамға тағайындалса,  2022 жылдың 3 тоқсан  бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 7 618 отбасыға немесе 37 623 адамға тағайындалды. Айта кету керек, АӘК отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады. Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде немесе 2022 жылдың 3 тоқсанына орта есеппен 28 714 теңге болып белгіленді. Осылайша, бір адамға келетін АӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен әр мүшесіне негізделген белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына 2022 жылға кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен орта есеппен 45 673 баланы қамтамасыз ету жоспарланған. Қазіргі таңға орта есеппен 57 908 пакет берілді. Қорыта айтқанда, әлеуметтік салада атқарылып жатқан жұмыстар орасан.