ӘР АЗАМАТ — ҚОҒАМНЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛШЕГІ

108
0

Заң үстемдігі салтанат құрған елде әр адамның құқығы жоғары деңгейде қорғалумен қатар, оларға барынша жағдай жасалуы тиіс. Өз кезегінде, мүмкіндігі шектеулі азаматтар да қоғамның ажырамас бөлшегі. Осы орайда аталған салада ауқымды бастамалар көтеріліп, жүзеге асырылып келеді. Бүгінде олардың қоғамда еркін жүріп-тұруы үшін барлық жағдайлар мейлінше жасалуда. Бүгінде Шымкент қаласында бұл бағытта жемісті жұмыстар атқарылуда.

Мәселен, жыл басынан мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді. Жалпы қазіргі таңда Шымкент қаласында 38 880 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Атқарылған жұмыстарға келсек, протездік-ортопедиялық құралдарға мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 5 212 құралға өтініш қабылданып, 3 100 құрал қамтылды, сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға  14 004 құралға өтініш қабылданып, 12 411 құралдармен қамтылды (88,6%) (2021 жылы – 16 322 өтініш қабылданып, 14 846 қамтылды, мүгедектерге арналған қол арба құралдарына 1 190 өтініш қабылданып, 953 құрал қамтылды, жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 242 азамат мұқтаж болса, 2 141 азаматқа қызмет көрсетілді, 8 312 азаматтан шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер қабылданып, 3 102 азамат қамтылды, мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватакси» 28 көлікке 507 азаматтардан өтініш қабылданып, 18 387 өтінімге қызмет көрсетілді, Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» 58 автокөлікке 886 азаматтан өтініш қабылданып, 15 428 өтінімге қызмет көрсетілуде. Қорыта айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өтініштері мен қажеттіліктеріне қарай Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан жемісті жұмыс жүргізіліп келеді. Аталған бағыттағы бастамалардың алдағы уақытта да жалғасатынын айта кету керек. Әр азамат – қоғамның ажырамас бөлшегі.