ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инспекторлары кезекті рет түсіндіру жұмыстарының бел ортасынан табылды,-деп хабарлайды uakit.kz.
Оқыс оқиғаларды алдын алу мақсатында басқарма қызметкерлері Түркістан қаласы аумағындағы автобекеттердегі қалааралық бағытта қатынайтын жүргізушілерге сапарға шықпас алдын сақтық шараларын барынша ескеруді түсіндірді. Сонымен қатар облыс аумағының кейбір аумақтарында аяз бен көктайғақ болып жатқанын, осыған орай ұзақ сапарға шығатын жүргізушілерге қысқы дизельді отынға көшу қажеттігі айтылды. Одан өзге көліктердің техникалық талаптарға сай болуы да ескертілді.
Профилактикалық шара кезінде қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары жүргізушілерге жолда қалып қою оқиғалары болса 112 шұғыл нөмірін теріп, көмек шақыру қажеттігі айтылды. Және қыс маусымында ауа райының күрт өзгеруі кезінде жолдарды жабу барысында басқа айналма жолдармен автокөлік иелерінің жолға шығып кетудің соңы үлкен өкінішке әкелуі мүмкін екені түсіндірілді.
Іс-шара аясында басқарма қызметкерлері тұрғындарға көктайғақтан зардап шекпес үшін, тиісті ережелерді орындауға шақырды. Атап айтқанда, көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту, жолдан өткен кезде, басқа істерге көңіл аудармау (ұялы телефонмен сөйлесу және т.б.), аяқ киімнің табаны бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс болуын қаперге алу, жолда жүргенде мұзда тепе-теңдікті сақтау үшін қолды қалтада ұстамау, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті үйдің кіреберісі- адамдар жиі жарақат алып құлайтын жерлер болып табылатынын есте сақтап, барынша қырағы болу.