БАР ПӘЛЕ ПЕШТЕН БОЛМАСЫН ДЕСЕҢІЗ…
Өрт сөндірушілер жылыту маусымы кезінде пеш жағатын кейбір абоненттерде мұржаның жанып жатқаны туралы хабарлама жиі тіркелетінін алға тартады. Мысалы, ағымдағы жылдың 4 ақпанында Түркістан қаласындағы Қарадауов көшесінің бойында орналасқан жеке тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы 101 қызметіне хабарлама түседі.
Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне аталған хабарлама түскен соң өрт сөндірушілер арнайы техникалармен оқиға орнына барады. Құтқарушылар келген кезде тұрғын үйдің 0,5 шаршы метрді құрайтын пеш мұржасы түтеп бықсыған. Оқиға өртке ұласпаған. Десе де төтеншеліктер жылыту маусымы басталғанға дейін және аяқталған соң пештің мұржаларын арнайы мамандарға тазалату қауіпсіздік ережелерінің алғышарты екенін еске салады.
Орын алған оқиғадан зардап шеккендер жоқ.