САПАСЫЗ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕНДЕР ЖАЗАЛАНАДЫ

200
0

Газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану кезіндегі міндеттер сақталмаған жағдайда тиісті шаралар қабылданады, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары Батыр Ергешов брифингте айтты.
«Қала тұрғындары, өздеріңіз және жақын адамдарыңыздың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп төндіріп, қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын тексертуге шақырамыз. Алдағы уақытта газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану кезіндегі міндеттер сақталмаған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын ескертемін», — деді спикер.
Газ жабдығының тиісті техникалық жай-күйін тексерту кезінде, осындай қызметті көрсететін ұйымдардан сапалы қызмет көрсетуді талап ету қажет. Жекелеген жағдайларда қызметті сапасыз көрсету салдарынан адамдардың улану фактісі орын алған.
Сонымен бірге осы қызметті сапасыз көрсеткен ұйымдарға ӘҚБтК-тің 299-бабы бойынша әкімшілік жауаптылық қарастырылған.
Газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздікті сақтап, ол бойынша тәуелсіз ұйымдармен келісімшарт жасасаушы және қызмет көрсетуші мекемені таңдай отырып қашықтықтан онлайн түрде www.I-Shymkent.kz порталы арқылы тапсырыс беруге болады.
Ол жерде қалада жұмыс жасайтын 13 мекеме бар: «Gas Area» ЖШС, «Зенит-ВДГО» ЖШС, «КазГазАймакСервис» ЖШС, «Омега-21-ВДГО» ЖШС, «Орион-Р» ЖШС, «Орынбасар – Султан» ЖШС, «РЦКУ-Шымкент» ЖШС, «Т.О.Б.» ЖШС, «Центр Суан» ЖШС, «M Energy Group» ЖШС, «Kind Estate» ЖШС, «Miras Holding» ЖШС, «Mi Gas Service» ЖШС.
Газ таратушы немесе аттестатталған тәуелсіз ұйымдар сапасыз қызмет көрсеткен жағдайда қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына немесе прокуратура органдарына шағымдануға болады.