ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСІ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ

Шымкенттік қоларбалардың сапасы жоғары, бағасы қол жетімді, деп хабарлайды Uakit.kz.
«TABA» INDUSRTIAL серіктестігі бау-бақшаларға арналған арбаларды дайындайтын зауыт. Жылына екі дөңгелікті арбаның 300 мың данасын және бір дөңгелекті арбаның 150 мың, сондай ақ жеке дара дөңгелектердің 100 мың данасын шығарады. Зауыт Түркия елінің қондырғыларын орнатқан. Өндіріс орында қолданылатын шикізат Отандық өнім. Арбаның дөңгелектері кабельдерден қайта өңделеліп, жаңа өнімге айналады. Бау-бақшаға арналған арбаның әрбір бөлшегі асқан мұқияттылықпен істеледі. Зауыттың маманы Айдын Расуловтың айтуынша қондырғылар автоматтандырылған. Олар өздерінше жұмыс жасап керекті пішінді жасап шығарады. Сосын дайын өнім бояу цехіне жөнелтіледі дейді.
Бүгінгі таңда арбаларға деген сұрасын жоғары. Еліміздің барлық аймақтарына таратылады. Сондай-ақ дайын өнім Өзбекстан, Қырғызстан, Армения елдеріне экспортталады.
«Металл өте сапалы. Дөңгелектер өзімізде шығарылады. Барлық шығарылып жатқан өнімдердің әрбір бөлшегі өзіміздің зауытта шығарылады. Сапасы жағынан күмән болмау керек», — дейді зауыт қызметкері.
Арбаларды тек бау-бақшада ғана емес басқа да бағытта қолдануға болады. Өйткені өнімнің құрылымы сапалы, әрі берік. Бағасы да шетелдік өнімдермен салыстырғанда төмен, қол жетімді.
Айта кету керек, Шымкент қаласында 2022 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 101 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (заңды тұлғалар – 19,1 мың бірлік, жеке тұлғалар – 77,5 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 4,3 мың бірлік), өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 39%-ға өсім көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 179,9 мың адам жетіп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға өскен. Өндірілген өнім көлемі бойынша 2022 жылдың 1-тоқсанында 317,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға артқан. 2022 жылдың қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 36,2%-ды құрады.