ШЫМКЕНТ: ЖАҢА «ПРОКУРАТУРА ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Марат Ержан Маратұлы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Конституциялық Заңымен БАҚ өкілдеріне берген брифингте таныстырды, деп хабарлайды Uakit.kz.
Жаңадан қабылданған «Прокуратура туралы» заңға Конституциялық Заң мәртебесі беріліп, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқық қорғау функциясы біршама күшейтілді.
Сонымен қатар, бұл – еліміздің тарихында прокуратура органдарына қатысты конституциялық мәртебесі бар ең алғашқы заң.
Заңның мақсаты – Прокуратура органдары қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру және құзыретін кеңейту. Атап өтерлігі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді, заңдылықтың бұзылуын, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарын анықтауды, жоюды және құқық қорғау мен өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін айқындау міндеттерін қамтиды.
«Қабылданған жаңа құжат «ҚР Прокуратурасы туралы» Конституциялық Заңындағы ең негізгі деген басымдықтар мен өзгерістер реті осындай.
Алдағы уақытта еліміздің тұтастығын сақтау және азаматтарымыздың бостандығы мен құқықтарын қорғау жолында қабылданған конституциялық жаңа заңның атқаратын рөлі зор. Барша отандасымыздың құқықтары мен мүмкіндіктері заңмен қорғалып, қолдау табады деген сенімдемін», — деп қорытындылады Ержан Маратұлы.