ЭЛЕКТР ҚҰРАЛДАРЫН ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ ЕСКЕРТІЛДІ
Түркістан қаласындағы ІІ мөлтекаудандағы №14 екі қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында тұтынылған жарықты есептегіш құралдың жанып жатқаны туралы 101 өрт қызметіне хабарлама түседі.
Хабарлама Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне 17 ақпанда сағат 21:35 минутта келіп түседі. Оқиға орнына өрт сөндірушілер сағат 21:42-де жетеді. Оқиға орнына жеткен кезде өрт сөндірушілер оқыс жағдай электр есептегіш құралының электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болғанын анықтайды.
Және оқиғаға байланысты өрт сөндірушілер оқыс жағдайды алдын алу үшін электр құралдарын дұрыс пайдалануды ескертеді. Және бір электр желісіне артық жүктеменің болмауын тексеріп жүруді қаперден шығармау қажеттігін айтады.