ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ 34 МЕКТЕПТЕ ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ЖИНАЛУ ПУНКТІ ҚҰРЫЛҒАН

Түркістан қаласындағы 34 мектепте жиналу пункті бар. Егер қала тұрғындарының саны көбейсе, тиісінше эвакуациялық жиналу пункттерінің саны артады.

Бұл туралы uakit.kz Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Табиғи апаттар болған кезде тұрғындар үшін қауіпсіз орын болып табылатын эвакуациялық жиналу пункттері Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарда азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда эвакуациялық органдар құрылады. Эвакуациялық органдарға эвакуациялық комиссия, эвакуациялық қабылдау комиссиясы, эвакуациялық жинау пункттері, эвакуациялық қабылдау пункттері, эвакуациялық аралық пункттері және зардап шеккен халықтарды қабылдау пункттері жатады.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласында орналасқан барлық эвакуациялық жиналу пункттерінің қызметкерлерімен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Соның негізінде оларға өздерінің міндеттері мен іс әрекеттері туралы семинар өткізеді.

Эвакуациялық жиналу пункттері эвакуацияланған адамдарды жинауға және тіркеуге, оларды отырғызу пункттерінен бастап қозғалыс пункттеріне жөнелтуге арналған. Эвакуациялық жиналу пунктінің әкімшілігі алдын ала жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен тағайындалады.

Айта кетейік, Түркістан қаласындағы эвакуациялық жиналу пункттері Түркістан қаласы әкімінің қаулысымен құрылған.