ЭЛЕКТР СЫМДАРЫ ТҮТЕГЕН
Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне хабарлама келіп түседі. Хабарламада Желтоқсан көшесі бойындағы жеке тұрғын үйде өрт болып жатқаны айтылады.
Бұл хабарлама тіркелген соң, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрам қызметкерлері АЦ-5-40(43253)-011 өрт сөндіру автокөлігімен хабарламада көрсетілген мекенжайға жетеді. Оқиға орнына жеткен кезде өрт сөндірушілер тұрғын үйдің жол бойында орналасқан электр бағанасының электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан электр сымдары түтегенін анықтайды. Оқиға өртке ұласпаған. Зардап шеккендер де болмаған.
Жиналған деректерді ескере отырып, Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығы және еліміздің Ішкі істер министрлігінің «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдарды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы №175 бұйрығы бойынша оқиғаны номенклатуралық іске шығарды.