БАСҚАРМА ТАРАПЫНАН 150-ГЕ ЖУЫҚ НЫСАННЫҢ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛГЕН
Түркістан қаласы бойынша 196 нысанның өрт қауіпсіздігін тексеру қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына бекітілген. Ағымдағы жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша аталған басқарма 146 нысандағы өрт қауіпсіздігін тексерген. Шараның аясында нысан иелеріне өртті алдын алу, болдырмау туралы нұсқаулықтар айтылған. Анықталған кемшіліктер бойынша айыппұлдар салынған.
Бұл туралы Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Асқар Сейсенов Ontustik телеарнасына берген сұхбаты кезінде мәлімдеді.
Қолданыстағы заң талаптары бойынша кәсіпкерлік нысандарда өрт қауіпсіздігі бойынша төмендегідей ережелер сақталуы тиіс. Атап айтқанда, эвакуациялық шығу есігінің болуы, өрт жағдайындда адамдарды эвакуациялау жоспарының болуы, жекелеген жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғаның болуы, эвакуациялау жолында еркін, оңай ашылатын және ғимараттың шығу бағытына қарай орналастырылған есіктер, эвакуациялық шығу есіктеріндегі ілмектердің іштен кілтсіз еркін ашылуы, ғимаратқа, технологиялық құрылымдарға, өртке қарсы сумен қамтамасыз ететін су құбыры орындарына өрт сөндіруші автомобильдердің еркін кіруіне арналған жолдардың болуы, аумақты таза ұстау (тұтанатын қалдық, қоқыс, ыдыс, қураған жапырақтар, өртенетін қоқыс және басқа да жанатын материалдардан аумақты тазарту), өрт қауіпсіздігі белгілерімен және өртке қарсы су жабдықтау көздерінің орналасу көрсеткіштерімен қамтамасыз ету қажет.
Сонымен қатар мекеменің аумағында қараңғы уақытта өрт сөндіру гидранттарын, сыртқы баспалдақтар мен өрт сөндіру құралдарын тез табу үшін, сондай-ақ өрт сөндіру қоймаларының пирстарына жету жолын, ғимараттың есігіне тез жету үшін сыртқы жарықтандырудың болуы, мекеме аумағында «Темекі шегуге және ашық отты пайдалануға тыйым салынады» деген белгінің болуы, ғимараттар, орынжайлар мен құрылыстарда өрт сөндіру мақсаты үшін су ағызуды қамтамасыз ететін ішкі өртке қарсы су құбырларының болуы, көпшілік жиналатын орындарда едендегі кілем, кілем төсеніші мен басқа да төсемдердің еденде бекітілуі, өрт сөндіру құбыртүтіктері құрғақ, жинақы оралған және кран мен оқпанына жалғанған болуы шарт.
Одан өзге өрт сөндіру крандарына кемінде 6 айда бір рет тексеру жүргізу (тексеру актісі), бастапқы өрт сөндіруге арналған ақаусыз құралдарының талап етілген санының болуы (өрт сөндіргіш, су немесе құм салынған ыдыс), сыртқы өрт сөндіру сатысы мен ғимарат шатырының қоршауын ақаусыз жағдайда ұстау тиіс.
Сонымен қатар ауа өткізгіштер мен ағынды-соратын түтінге қарсы желдету жүйесінің каналдары мен түрлі мақсаттағы желдету жүйесінің (оның ішінде ауа өткізгіш, коллекторлар, шахталар) транзиттік каналдарының отқа төзімді құрылымын орнату, ғимараттар, құрылым мен құрылыстарда жобада қарастырылған сыртқы технологиялық қондырма, ақаусыз жайқорғанның болуы, технологиялық құрылғылардың барлық металл конструкцияларының қорғаныш жерлендірілуінің болуы, өртке қарсы автоматты дабыл жүйесімен, автоматты өрт сөндіру және халыққа өрт туралы хабарлау қондырғысымен жабдықталуы қажет.
Түтін шығатын мұржаларды, жылыту пештерін іске қоспас бұрын және жылыту мерзімінде алдын-ала тазалау, сұйық, қатты және газ тәрізді отындармен жұмыс істейтін жылу агрегаттарында, жанатын конструкцияларда қорғайтын есіктердің болуы, өрт шығуын болдырмау үшін арнайы күл мен шлакты орналастыруға арналған оларды суға бөлетін арнайы орындардың болуы, өртке қарсы автоматты өрт дабылы жүйесі, адамдарға өрт туралы хабарлайтын өрт сөндіру қондырғылары және өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған болуы керек.
Тағы бір маңызды талаптардың бірі өрт сөндіру жүйесі мен қондырғысын жұмыс істейтін күйде ұстау, қызмет көрсететін жұмысшылардың нысанда монтаждалған өрт сөндіру автоматикасының жүйесі мен қондырғысы жұмысының құрылымы мен қағидасын білуі болып табылады.
Сонымен қатар кәсіпкерлік нысандарда келесідей жағдайларға жол берілмейді. Олар:
– ғимарат пен құрылыс, автокөлік тұрағы мен құрылыс және ғимарат арасындағы өртке қарсы қашықтықты материалдармен, жабдықтармен бекітіп тастауға;
– ғимарат пен құрылысқа жақын кемінде 50 метр жерде қалдықтар мен ыдыстарды жағу, алау қоюға;
– эвакуациялық жолдар мен шығатын есіктерді (оның ішінде есік, өтетін жер, дәліз, тамбур, галерея, лифтінің холы, баспалдақ аумағы, эвакуациялық люк, аралас секциялардың арасында өтпе жол мен сыртқа шығатын эвакуациялық жолдар) түрлі материалдар, бұйымдар, жабдықтармен, өндірістік қалдықтар, қоқыстар және басқа да заттармен бекітуге, эвакуациялық шығу есіктерін жабуға;
– қоғамдық және өндірістік ғимараттардың бөлмелерінде ашық отты пайдалануға, темекі тартуға; – эвакуациялық жолдардағы қабырға, төбесі мен еденін, сондай-ақ сатылар мен баспалдақ алаңында әрлеу, сыртқы жұмыстары мен бояуына жанатын материалдарды қолдануға;
– өзі жабылатын есіктер, баспалдақ торлары, дәліздер, холлдар мен тамбурларды ашық күйінде бекіту, сондай-ақ оларды алуға;
– заттарды шатырдың асты, техникалық қабаттар, желдету камералары мен басқа да техникалық бөлмелерде өндірістік участоктар, шеберхана ұйымдастыруға, сондай-ақ өнім, жабдық, жиһаз бен басқа да сақтау үшін пайдалануға;
– ғимараттың барлық қабаттарындағы терезелерге және жертөле терезелеріндегі жанасшұңқырға теміртор қоюға (қойма, касса, қаружарақ бөлмесі, мекеменің құпия бөліктерінен басқа);
– лифт холында қойма, дүңгіршек, дүкен орналастыруға;
– өрт туындаған жағдайда қауіпсіздік аумағына жататын балкон, лождия мен галереяға терезе қоюға;
– нәтижесінде адамдарды эвакуациялау жағдайы нашарлайтын, өрт сөндіргіш, өртке қарсы крандармен басқа да өрт қауіпсіздігі құралдарын алу қиындайтын немесе өртке қарсы қорғаныс жүйесінің автоматты қосылуы аумағы азаятын көлемдіжобалау шешімдерін өзгертуге;
– жертөле және астыңғы қабаттарда тез тұтанатын және жанатын сұйықтық, дәрі, жарылатын заттар, газ құйылған баллон, аэрозольді қаптамадағы тауарлар, целлулоид және басқа да жарылу қаупі зор заттар мен материалдарды сақтау және қолдануға;
– жобада қарастырылған қабатаралық дәліздер, холлдар, фойелер, тамбур және баспалдақ торларындағы есіктерді, эвкуация жолында өрттік қауіпті факторларын таратуға кедергі келтіретін басқа да есіктерді алуға;
– дайындалған және бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасыз функционалдық мақсатын өзгертуге, күрделі жөндеу, техникалық қайта жабдықтауға, ғимарат, құрылым мен құрылысты қайта құрастыру мен қайта жоспарлауға;
– ғимаратта тұрмыстық газ құралдарын (оның ішінде асүй плитасы, су ысытатын қазандық, газ бағаны) газбен қамтамасыз етуге арналған газ баллондарын (жұмысқа және қоалқы ретінде) орналастыруға;
– желдеткіш камераларында қандай да бір жабдықты және материалдарды сақтауға, және оларды жабық ұстауға;
– өрт қаупі жоғары орындарда бекітілген деңгейі және шығарушы-зауыттан жарылу мен (немесе) өрттен қорғаныс түрі жоқ электр жабдығын қолдануға;
– қауіпсіздік талабы бұзылған электр желілері мен электр қуатын қабылдағыштарды қолдануға;
– бұзылған және бекітілмеген розетка, ажыратқыш, басқа да электр орнататын бұйымдарды қолдануға;
– жарылғаш-өрт қауіптілігі және өрт қауіпсітілігі жоғары орындарда электр қыздырғыш құралдарды қолдануға;
– стандартты емес (қолдан жасалған) электр қыздырғыш құралдарын қолдануға;
– электр сымдары мен кабельдерінің оқшауланбаған байланысы мен ұштарын қолдану;
– электрлі шамдар мен шырағдандарды қағаз, мата және басқа да жанатын материалдармен орауға; сондайақ плафоны алынған және шамдал құрылымында қарастырылған қорғаныс торы жоқ шырағдандарды пайдалануға;
– электрлі үтік, электрлі плита, электрлі шәнектер мен басқа да электрлі қыздыратын құралдары арнайы қойғышсыз пайдалануға;
– құрылымда (орында) қарастырылған термореттегіштер болмағанда немесе бұзылғанда электрлі қыздырғыштарды қолдануға;
– жылу құрылғыларды пайдалану шарттарының бұзылуы, оларды осы мақсаттарға арналмаған үй-жайларда (орынжайларда) орналастыруға;
– пештердің от жағатын ойықтарына кемінде 1,25 м дейін және пештердің басқа да қызған бөліктеріне 0,7 м дейін қашықтықта жанғыш зарттар, материалдар, бұйымдар мен жабдықтарды қоюға;
– от жағатын табақтың алдында жағуға арнап дайындаған отын, сондай-ақ басқа жанатын заттар мен материалдарды қоюға;
– қатты отынмен жанатын пештерге тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтарды қолдануға;
– жанатын отынды құрылыстан кемінде 8 м жақындықта арнайы бекітілмеген орында немесе бөлінген алаңда (өзі тұтанатын көмір) сақтауға;
– құбыр желісіне автоматты өрт сөндіру өндірістік жабдығы мен санитарлық құралдарды жалғауға; – ішкі өрт сөндіру крандарын, құбыр желілерінде орнатылған спринклерлік автоматты өрт сөндіру қондырғыларын өрт сөндіруден басқа мақсаттар үшін қолдануға жол берілмейді.