ШЫМКЕНТТЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Шымкент қаласында азық-түлік бағалары шарықтап кетпеуінің алдын алу жұмыстары жүргізілді, деп хабаралайды Uakit.kz.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны белгілеу және олардың өсуіне жол бермеу мақсатында Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы аумағында бағаны бақылау шарасы ұйымдастырылды.
Жауапты сала мамандары шара аясында ірі сауда орындары мен үй алдындағы азық-түлік дүкендерін аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Мақсат бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына яғни бекітілген 19 тауар түріне мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес, ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді деп көрсетілген.
Ал, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 204-4 бабына сәйкес, ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына Қазақстан Республкасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белігленген сауда үстемесінің мөлшерін арттыру – ескерту жауасауға алып келеді.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады делінген.
Егер, қала аумағындағы дүкендерде тауар бағаларының қымбаттағанын байқасаңыздар 24-75-41 сенім телефонына хабарлассаңыздар болады.