ШЫМКЕНТТІК ӘРТІСТЕР САМАРҚАН ҚАЛАСЫНДА ӨЗ ӨНЕРЛЕРІН ПАШ ЕТТІ

76
0

Шымкент қалалық өзбек драма театры Самарқан қаласынан гастрольдік сапардан оралды, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бұл сапар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі арасындағы мәдени қарым-қатынасты дамытуға бағытталған екіжақты келісім негізінде жүзеге асты.
Екі ел арасындағы келісім мен дипломатиялық меморандум аясында 26 қазан күні Шымкент қалалық өзбек драма театрының ұжымы Өзбекстан Республикасы Самарқан қаласына аттанған болатын. Гастрольдік сапарда аясында Самарқан қаласындағы облыстық орыс драма театрында О.Абдурахмановтың «Қайсарлар» комедиясының қойылымы сахналады. Шымкенттік театр әртістері өзбекстандық өнер саласының қызметкерлерімен пікірлесіп, тәжірибе алмасып, шығармашылық кездесулер өткізді. Қойылым соңында Өзбекстан Республикасы Самарқан облыстық музыкалық драма театрының директоры Искандар Султонов ізгі жүрек жарды тілегін білдіріп, ұжымға шығармашылы табыс тілеп, өз ризашылығын білдірді. Содан соң Шымкент қалалық өзбек драма театрының директоры М.Миразизов пен театр ұжымына алғыс хат тапсырды.
Самарқан облысы Каттақорған қалалық драма театры директоры Ботир Тугалов, Самарқан облыстық орыс драма театры директоры Шарофиддин Содиков, Самарқан облыстық музыкалық драма театры директоры Искандар Султонов, Самарқан облыстық орыс драма театрының режиссері, көркемдік жетекшісі Ахматулло Ниязов бастаған азаматтар шымкенттіктерді ерекше ықыласпен күтіп алды. Аталған театр басшыларымен меморандумға қол қойып, алда орындалатын іс-шаралар жоспары түзілді. Гастрольдік сапар соңында Шымкент қалалық өзбек драма театрының директоры М.Миразизов Самарқан облысы театр басшыларына ризашылығын білдірді.