КӘСІП НӘСІП ӘКЕЛСІН ДЕСЕҢІЗ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАҢЫЗ

76
0

Ағымдағы жылдың 1 наурызында Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің депосына өрт оқиғасы туралы хабарлама түседі. Хабарламада оқыс оқиға қаладағы Тәуке хан даңғылы бойындағы «Ақмарал» дүкенінде болып жатқаны айтылады. Осыған орай өрт сөндірушілер өрт сөндіру автокөлігімен оқиға орнына 4 минутта жетеді.

Өрт сөндірушілер хабарламада көрсетілген мекенжайға жеткен кезде тұрғын үйдің ауласында бөлек соғылған, ауданы 16 шаршы метр дүкенінде электр жылыту пешінінің электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алғанын анықтаған. Қысқа тұйықталу салдарынан сымдар түтеп, бықсыған. Оқиға өртке ұласпаған. Орын алған оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Түркістан қаласында шағын кәсіпкерлік нысанында осындай сипаттағы оқыс оқиғалар жиі тіркеледі. Мәселен, осы жылдың 18 наурызында №1 мамандандырылған өрт сөніру бөлімінің кезекші диспетчері қаладағы Әмір Темір көшесіндені «Бауыржан» асханасында өрт болып жатқаны туралы хабарламаны қабылдайды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде асхананың ас әзірлейтін плитасында тағам күйіп, бықсығаны, оқыс оқиға өртке ұласпағаны анықталады.

Орын алған оқиғаларға байланысты төтеншеліктер кәсіпкерлік нысандарда өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуді ескертеді.