ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ҮШ РЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

83
0

Біз бұған дейін Түркістан қаласында табиғи және техногенді төтенше жағдайлар кезінде қажетті ақпаратпен халықты уақытылы хабардар ету мақсатында, қала аумағында 31 «Марс Арсенал»  құлақтандыру жүйесі орнатылғанын мәлімдеген болатынбыз.

Ағымдағы жылы қаладағы құлақтандыру жүйесі үш рет іске қосылған.

Бұл туралы Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мәлімдеді.

Алғаш рет құлақтандыру жүйелері ағымдағы жылдың  наурыз айында көктемгі кезеңдегі су тасқынының алдын алу, оларды жою іс-шараларын жүргізу  мақсатында ұйымдастырылатын «Көктем-2022»  республикалық командалық штабтық оқу жаттығуы кезінде сигнал таратты. Одан соң 1-наурызда «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні шеңберінде азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне Республикалық тексеруді дайындау және жүргізу бойынша ұйымдастыру нұсқаулығына» сәйкес құлақтандыру жүйелері іске қосылды.

Үшінші рет өткен қараша айының 23-25 аралығында «Қыс 2022» республикалық командалық штабтық оқу жаттығуы кезінде «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы іске қосылды.

Жоғарыда аталған іс шараларды өткізу кезінде құлақтандыру жүйесінің іске қосылатыны тұрғындарға үш күн бұрын ескертілді.

Өз кезегінде азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі республикалық, аумақтық және объектілік болып үшке бөлінеді.  Республикалық құлақтандыру жүйесі ақпаратты  Қазақстан Республикасының халқына, азаматтық қорғаудың басқару органдарына, азаматтық қорғаудың күштеріне, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жеткізуді қамтамасыз етеді.

Ал облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкімі бойынша облыс (облыс аумағының бір бөлігі), республикалық маңызы бар қала, астана халқына не аудан, облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ халқына,жергілікті атқарушы органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға, шұғыл және авариялық қызметтерге, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы азаматтық қорғау күштеріне құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.

Жергілікті құлақтандыру жүйесі төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым жұмыскерлеріне, адамдар жаппай болатын объектінің аумағындағы жеке тұлғаларға, қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына, төтенше жағдай таралатын есепті аймақта орналасқан заңды тұлғалардың басшыларына және кезекшілік-диспетчерлік қызметтеріне құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.

Жергілікті құлақтандыру жүйесін ұдайы әзірлікте ұстап тұруды адамдар жаппай болатын объектіні, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын заңды тұлға қамтамасыз етеді.

Республикалық құлақтандыру жүйесін іске қосуға өкімді Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,      аумақтық деңгейде – жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің халқын құлақтандыру үшін – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі не төмен тұрған әкім, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесін техникалық тексеру және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар өткізу кезінде – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы береді. Объектілік деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосу туралы өкімді  адамдар жаппай болатын объектіні, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға береді.

«Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы іске қосылған кезде құлақтандыру жүйесі халыққа төтенше жағдайдың туындау қатері немесе туындауы туралы және қалыптасқан жағдайда адамдардың әрекет ету тәртібі туралы ақпаратты бір уақытта және бірнеше рет қайталап жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс. Республикалық және аумақтық деңгейде құлақтандыру жүйесін құру және пайдалану бюджет қаражаты есебінен жүргізілсе, объектілік деңгейдегі құлақтандыру жүйесін адамдар жаппай болатын объектіні, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын заңды тұлғаның қаражаты есебінен жүргізіледі.