ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША КӘСІПКЕРЛЕР НЕНІ БІЛУІ ТИІС?
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы көпшілік орындарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді әрдайым назарда ұстайды. Осы бағытта шағын және орта бизнес жүргізіп отырған кәсіпкерлермен бірнеше рет кездесіп, дөңгелек үстел өткізіп, өртке қарсы шараларды қамтамасыз етуді пысықтауды жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Өз кезегінде uakit.kz көпшілік орындарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жадынамасын назарларыңызға ұсынады.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кәсіпкерлер нені білуі тиіс?
– құрылыстың жалпы ауданы 1500 және одан да жоғары шаршы метрді құрайтын сауда және сауықтық кешен нысандары;
– жалпы ауданы 1500 және одан да көп шаршы метр (жазғы уақытша алаңдарының ауданы есепке алынбайды) құрайтын қоғамдық тамақтандыру ұйымдары;
– сыйымдылығы 100 және одан да көп адамға арналған жатақханалар мен қонақүйлер;
– бір уақытта 100 және одан да көп адамның келуі қарастырылған демалыс үйлері мен орындары, туристік базалар, балаларға арналған жазғы лагерлер, сауықтыру лагерлері (шатырлы қалашықтардан басқа) – ауданына қарамастан; – бір уақытта 200 және одан да көп адам жиналатын спорттық және дене шынықтырусауықтыру кешендері;
–) бір уақытта 200 және одан да көп адам жиналатын мәдени-сауықтық, салттық, діни нысандар жыл сайын міндетті түрде тексеріледі.
Қандай жауапкершілік қарастырылған?
–ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қоймалық үй-жайларда, ауыл шаруашылығы алқаптарында, жатақханаларда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi қағидаларында, техникалық регламенттерде, құрылыс нормалары мен қағидаларында, ұлттық стандарттарда көзделген өртке қарсы талаптарды бұзу немесе орындамау ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
– өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етпегендіктен қолданыстағы заңға сәйкес әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
– адамның денсаулығына зиян немесе айтарлықтай залал келтiрген өрттiң шығуына әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік), қылмыс құрамы болмаған кезде – жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
– өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға жауапты адамның оларды бұзуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiруге әкеп соқса ҚР Қылмыстық кодексінде 292-бапқа сәйкес өрт қауіпсіздiгi талаптарын бұзғаны үшін белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады;
– абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады;
– осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Кәсіпкерлер сақтауы тиіс талаптар қандай?
– эвакуациялық шығу есігінің болуы;
– өрт жағдайындда адамдарды эвакуациялау жоспарының болуы;
– жекелеген жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғаның болуы;
– эвакуациялау жолында еркін, оңай ашылатын және ғимараттың шығу бағытына қарай орналастырылған есіктер;
– эвакуациялық шығу есіктеріндегі ілмектердің іштен кілтсіз еркін ашылуы;
– ғимаратқа, техноогиялық құрылымдарға, өртке қарсы сумен қамтамасыз ететін су құбыры орындарына өрт сөндіруші автомобильдердің еркін кіруіне арналған жолдардың болуы;
– аумақты таза ұстау (тұтанатын қалдық, қоқыс, ыдыс, қураған жапырақтар, өртенетін қоқыс және басқа да жанатын материалдар);
– өрт қауіпсіздігі белгілерімен және өртке қарсы су жабдықтау көздерінің орналасу көрсеткіштерімен қамтамасыз ету;
– мекеменің аумағында қараңғы уақытта өрт сөндіру гидранттарын, сыртқы бастпалдақтар мен өрт сөндіру құралдарын тез табу үшін, сондай-ақ өрт сөндіру қоймаларының пирстарына жету жолын, ғимараттың есігіне тез жету үшін сыртқы жарықтандырудың болуы;
– мекеме аумағында «Темекі шегуге және ашық отты пайдалануға тыйым салынады» деген белгінің болуы;
– ғимараттар, орынжайлар мен құрылыстарда өрт сөндіру мақсаты үшін су ағызуды қамтамасыз ететін ішкі өртке қарсы су құбырларының болуы;
– көпшілік жиналатын орындарда едендегі кілем, кілем төсеніші мен басқа да төсемдердің еденде бекітілуі;
– өрт сөндіру құбыртүтіктері құрғақ, жинақы оралған және кран мен оқпанына жалғанған болуы;
– өрт сөндіру крандарына кемінде 6 айда бір рет тексеру жүргізу (тексеру актісі);
– бастапқы өрт сөндіруге арналған ақаусыз құралдарының талап етілген санының болуы (өрт сөндіргіш, су немесе құм салынған ыдыс);
– сыртқы өрт сөндіру сатысы мен ғимарат, құрылыс, ғимарат шатырының қоршауын ақаусыз жағдайда ұстау;
– ауа өткізгіштер мен ағынды-соратын түтінге қарсы желдету жүйесінің каналдары мен түрлі мақсаттағы желдету жүйесінің (оның ішінде ауа өткізгіш, коллекторлар, шахталар) транзиттік каналдарының отқа төзімді құрылымын орнату;
– ғимараттар, құрылым мен құрылыстарда жобада қарастырылған сыртқы технологиялық қондырма, ақаусыз жайқорғанның болуы;
– технологиялық құрылғылардың барлық металл конструкцияларының қорғаныш жерлендірілуінің болуы;
– өртке қарсы автоматты дабыл жүйесімен, автоматты өрт сөндіру және халыққа өрт туралы хабарлау қондырғысымен жабдықтау;
– түтін шығатын мұржаларды, жылыту пештерін іске қоспас бұрын және жылыту мерзімінде алдын-ала тазалау;
– сұйық, қатты және газ тәрізді отындармен жұмыс істейтін жылу агрегаттарында, жанатын конструкцияларда қорғайтын есіктердің болуы;
– өрт шығуын болдырмау үшін арнайы күл мен шлакты орналастыруға арналған оларды суға бөлетін арнайы орындардың болуы;
– өртке қарсы автоматты өрт дабылы жүйесі, адамдарға өрт туралы хабарлайтын өрт сөндіру қондырғылары және өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған болуы;
– өрт сөндіру жүйесі мен қондырғысын жұмыс істейтін күйде ұстау;
– қызмет көрсететін жұмысшылардың нысанда монтаждалған өрт сөндіру автоматикасының жүйесі мен қондырғысы жұмысының құрылымы мен қағидасын білуі тиіс.
Қандай жағдайларға жол берілмейді?
– ғимарат пен құрылыс, автокөлік тұрағы мен құрылыс және ғимарат арасындағы өртке қарсы қашықтықты материалдармен, жабдықтармен бекітіп тастауға;
– ғимарат пен құрылысқа жақын кемінде 50 метр жерде қалдықтар мен ыдыстарды жағу, алау қоюға;
– эвакуациялық жолдар мен шығатын есіктерді (оның ішінде есік, өтетін жер, дәліз, тамбур, галерея, лифтінің холы, баспалдақ аумағы, эвакуациялық люк, аралас секциялардың арасында өтпе жол мен сыртқа шығатын эвакуациялық жолдар) түрлі материалдар, бұйымдар, жабдықтармен, өндірістік қалдықтар, қоқыстар және басқа да заттармен бекітуге, эвакуациялық шығу есіктерін жабуға;
– қоғамдық және өндірістік ғимараттардың бөлмелерінде ашық отты пайдалануға, темекі тартуға;
– эвакуациялық жолдардағы қабырға, төбесі мен еденін, сондай-ақ сатылар мен баспалдақ алаңында әрлеу, сыртқы жұмыстары мен бояуына жанатын материалдарды қолдануға;
– өзі жабылатын есіктер, баспалдақ торлары, дәліздер, холлдар мен тамбурларды ашық күйінде бекіту, сондай-ақ оларды алуға;
– заттарды шатырдың асты, техникалық қабаттар, желдету камералары мен басқа да техникалық бөлмелерде өндірістік участоктар, шеберхана ұйымдастыруға, сондай-ақ өнім, жабдық, жиһаз бен басқа да сақтау үшін пайдалануға;
– ғимараттың барлық қабаттарындағы терезелерге және жертөле терезелеріндегі жанасшұңқырға теміртор қоюға (қойма, касса, қаружарақ бөлмесі, мекеменің құпия бөліктерінен басқа);
– лифт холында қойма, дүңгіршек, дүкен орналастыруға;
– өрт туындаған жағдайда қауіпсіздік аумағына жататын балкон, лождия мен галереяға терезе қоюға;
– нәтижесінде адамдарды эвакуациялау жағдайы нашарлайтын, өрт сөндіргіш, өртке қарсы крандармен басқа да өрт қауіпсіздігі құралдарын алу қиындайтын немесе өртке қарсы қорғаныс жүйесінің автоматты қосылуы аумағы азаятын көлемдіжобалау шешімдерін өзгертуге;
– жертөле және астыңғы қабаттарда тез тұтанатын және жанатын сұйықтық, дәрі, жарылатын заттар, газ құйылған баллон, аэрозольді қаптамадағы тауарлар, целлулоид және басқа да жарылу қаупі зор заттар мен материалдарды сақтау және қолдануға;
– жобада қарастырылған қабатаралық дәліздер, холлдар, фойелер, тамбур және баспалдақ торларындағы есіктерді, эвкуация жолында өрттік қауіпті факторларын таратуға кедергі келтіретін басқа да есіктерді алуға;
– дайындалған және бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасыз функционалдық мақсатын өзгертуге, күрделі жөндеу, техникалық қайта жабдықтауға, ғимарат, құрылым мен құрылысты қайта құрастыру мен қайта жоспарлауға;
– ғимаратта тұрмыстық газ құралдарын (оның ішінде асүй плитасы, су ысытатын қазандық, газ бағаны) газбен қамтамасыз етуге арналған газ баллондарын (жұмысқа және қоалқы ретінде) орналастыруға;
– желдеткіш камераларында қандай да бір жабдықты және материалдарды сақтауға, және оларды жабық ұстауға;
– өрт қаупі жоғары орындарда бекітілген деңгейі және шығарушы-зауыттан жарылу мен (немесе) өрттен қорғаныс түрі жоқ электр жабдығын қолдануға;
– қауіпсіздік талабы бұзылған электр желілері мен электр қуатын қабылдағыштарды қолдануға;
– бұзылған және бекітілмеген розетка, ажыратқыш, басқа да электр орнататын бұйымдарды қолдануға;
– жарылғаш-өрт қауіптілігі және өрт қауіпсітілігі жоғары орындарда электр қыздырғыш құралдарды қолдануға;
– стандартты емес (қолдан жасалған) электр қыздырғыш құралдарын қолдануға;
– электр сымдары мен кабельдерінің оқшауланбаған байланысы мен ұштарын қолдану;
– электрлі шамдар мен шырағдандарды қағаз, мата және басқа да жанатын материалдармен орауға, сондай-ақ плафоны алынған және шамдал құрылымында қарастырылған қорғаныс торы жоқ шырағдандарды пайдалануға;
– электрлі үтік, электрлі плита, электрлі шәнектер мен басқа да электрлі қыздыратын құралдары арнайы қойғышсыз пайдалануға;
– құрылымда (орында) қарастырылған термореттегіштер болмағанда немесе бұзылғанда электрлі қыздырғыштарды қолдануға;
– жылу құрылғыларды пайдалану шарттарының бұзылуы, оларды осы мақсаттарға арналмаған үй-жайларда (орынжайларда) орналастыруға;
– пештердің от жағатын ойықтарына кемінде 1,25 м дейін және пештердің басқа да қызған бөліктеріне 0,7 м дейін қашықтықта жанғыш зарттар, материалдар, бұйымдар мен жабдықтарды қоюға;
– от жағатын табақтың алдында жағуға арнап дайындаған отын, сондай-ақ басқа жанатын заттар мен материалдарды қоюға;
– қатты отынмен жанатын пештерге тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтарды қолдануға;
– жанатын отынды құрылыстан кемінде 8 м жақындықта арнайы бекітілмеген орында немесе бөлінген алаңда (өзі тұтанатын көмір) сақтауға;
– құбыр желісіне автоматты өрт сөндіру өндірістік жабдығы мен санитарлық құралдарды жалғауға;
– ішкі өрт сөндіру крандарын, құбыр желілерінде орнатылған спринклерлік автоматты өрт сөндіру қондырғыларын өрт сөндіруден басқа мақсаттар үшін қолдануға;
Жоғарыда аталғандарға қоса, сауда орындарында жол берілмейді:
– сауда залында сатып алушылар болғанда отпен жұмыс істеуге;
– эвакуациялау жолында және баспалдақ алаңында сағат, жөндеу, ойма шеберханасы мен басқа да шеберханаларды, сондай-ақ дәріхана, газет, кітап және басқа да дүңгіршектерді орналастыруға;
– сауда залдарында әуе шарларын үрлеуге және басқа да мақсаттарда жанатын газ баллондарды орнатуға;
– баспалдақ алаңдары, тамбур және эвакуацияның басқа да жолында сауда, ойын аппараттарын орнатуға және тауар сатуға;
– 15000-нан астам аэрозольді қаптаманы сақтауға;
– сауда қатарларының арасындағы ашық жолдарды мата, қағаз, үлдірмен жабуға;
– ғимараттың басқа мақсатқа арналған бөлігінде немесе оған қосымша салынғандарға базар қызметін ашуға;
– жұмыс уақытында сатып алушылардың эвакуациялау жолымен байланысты жолдармен тауар түсірумен және тиеумен айналысуға;
– 1 литрден асатын ыдысқа құйылған шыны ыдыстағы тұрмыстық химия, сыр, бояу және басқа да тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтарды, сондай-ақ «Өрт қауіпті», «Отқа жақын себуге болмайды» секілді ескерту этикеткасы жоқ өрт қауіптілігі жоғары тауарларды сатуға жол берілмейді.
(Ескерту: жадынама ашық ақпарат көздерінен алынған)