БАЛҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ОҚЫС ОҚИҒАҒА ҰЛАСТЫ
Ағымдағы жылдың 29 наурызында Түркістан қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне қаладағы Кенесары көшесі бойындағы №28 көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде өрт орын алып жатқаны туралы хабарама келіп түседі.
Келіп түскен хабарлама бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің АЦ-5-40(43253)-011,АЦ-8-70(43118) өрт сөндіру автокөлігі оқиға орнына шығып, хабарламада көрсетілген мекенжайға сағат 22:08-де яғни бес минутта жетеді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына барған кезде пәтер тұрғыны төбе жаппасын жүргізу кезінде (натяжной потолок үшін) газ баллонының редукторынан от шыққан. Оқыс оқиға өртке ұласпаған. Өрт сөндіру автокөлігі жеткенге дейін тұрғындар қызыл жалынды өз бетінше ауыздықтаған. Оқиғадан зардап шеккендер болмаған.