ПОЛИЦИЯ КЕҢ ТАРАҒАН БЕС КИБЕРҚЫЛМЫС ТҮРІН АТАДЫ

Астана қаласы Полиция департаментінің киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Талғат Бөлегенов интернет алаяқтықтың кең тараған түрлерін атады.
— Егер күмәнді сілтемелерді байқасаңыз, сілтемеге өтпеңіз, тіпті ол жеке танитын адамнан келсе де. Себебі парақша немесе сайт бұзылған болуы мүмкін. Сондай-ақ ешкімге sms арқылы келген кодты, банк картасының құпиясөздерін немесе жеке деректерді беруге болмайды, әсіресе өзін банк немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырған адамға, — деді Талғат Бөлегенов Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Алаяқтықтың кең тараған 5 тәсілі:
1. Алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, күмәнді транзакция сілтеме жасап, жеке деректерді сұрайды;
2. Онлайн сауда: жоқ тауар жарнамасын жариялап, алдын ала төлем алған соң, хабарсыз кетеді;
3. Фишинг сайттары: ресми сайттарға ұқсас жалған ресурстар арқылы қолданушылардың логин, құпия сөздерін иемденеді;
4. Инвестициялық алаяқтық: қолайлы инвестициялық мүмкіндік ретінде ұсынылған алаяқтық платформалар салым жинап, қаражатты шешуге келгенде алаяқтық әрекет болып шығады;
5. Мессенджерлерді бұзу: парақшаларды бұзып, таныс адамыңыздың атынан ақша сұрап хабарлама жібереді.
Айта кетейік, жыл басынан бері елордада 1293 интернет алаяқтық фактісі тіркелді.