МҰРЖАНЫ ЫСТАН ТАЗАРТТЫҢ БА?

Биыл 29 наурызда Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы бойындағы жеке тұрғын үйде өрт оқиғасы болады.

Бұл туралы хабарлама сол күні сағат 22:59 минутта №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне келіп түседі.

Келіп түскен хабарлама бойынша құтқарушылар өрт сөндіру автокөлігімен оқиға орнына жедел жеткен кезде тұрғын үйдің 3х5 дәліз бөлмесінде орнатылған пеш мұржасының құбыры бықсығаны анықталған. Оқиға өрке ұласпаған.

Осыған ұқсас жағдай сол күні  сағат 22:44-те Түркістан қаласы, Өтебеков көшесіндегі жеке тұрғын үйде де тіркелген. Өрт сөндірушілер бұл мекенжайға барған кезде пеш мұржасының құбырынан қою қара түтін шығып, бықсығанын анықтаған. Абырой болғанда оқиға өртке ұласпаған. Зардап шеккенлер де жоқ.

Орын алған оқиғаларға байланысты төтеншеліктер пеш жабдығын дұрыс қолдануды, мұржаны ыстан дер кезінде тазартып тұруды, саңылауы болса бітеуді ескертеді.