ӨРТ ОҚИҒАЛАРЫ ОРЫН АЛМАДЫ
Түркістан қаласында электр желілеріне қатысты жану оқиғалары жиі тіркеледі. Мысалы ағымдағы жылдың 14-наурызында Ә. Молдағұлова көшесі бойындағы №22 үйдің жанында трансформатор ішіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан қондырғы түтейді.
Сонымен қатар 28 наурызда Тәуке хан даңғылы бойындағы №9 трансформатор да электр сымдарының қысқа тұйықталуынан дәл осындай күйге түседі.
31 наурызда Ескеев көшесі бойындағы электр қалқанының ішінде электр сымдары тұйықталып оқыс жағдай тудырады.
Бұл туралы хабарламалар қаладағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне хабарланады. Тиісінше өрт сөндіру депосының құтқарушылары оқиға орнына жедел жетеді. Жеке құрамның болуы өрт оқиғаларының болуын алдын алатыны сөзсіз. Оқиғалардың барлығы өртке ұласпайды. Және де зардап шеккендер бюолмайды.