САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ТҮСІНДІРІЛДІ
Осы жексенбі дәлірегі 20 қарашада Президент сайлауы өтеді. Түркістан қаласында 50 сайлау учаскесі құрылған. Сайлау учаскелерінде өрт қауіпсіздігінің сақталуы шарт. Осы мақсатта Түркістан қаласы әкімінің бірінші орынбасары Байдулла Оразбеков, Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Асқар Сейсенов бастаған топ сайлау учаскелеріне барып, өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл шараға қалалық полиция басқармасының өкілі де қатысты.
Түсіндіру жұмыстары кезінде сайлау учаскелерінің өкілдеріне төмендегідей өрт қауіпсіздігі туралы нұсқаулықтар және эвакуациялау жоспарларымен қамтамасыз ету ережелері таныстырылды. Атап айтқанда,
– өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты лауазымды тұлға бекіту;
– өртке қарсы қызметті шақыру үшін телефон байланысының, сондай-ақ шұғыл әрекет ету қызметтерінің телефондары бар тақтайшалар «101», «102» нөмірлерін ілу;
– эвакуациялық шығу жолдарының қажетті санын белгілеу;
– эвакуациялау жолдарын жиһазбен, жабдықтармен және басқа да заттармен үйіп тастауға жол бермеу;
– эвакуациялық шығу есіктерінде іштен кілтсіз ілмектерді еркін ашу мүмкіндігімен қамтамасыз ету;
– адамдар жаппай болатын үй-жайларда кілемдерді, кілем жолдарын және еденнің басқа да жабындарын еденге сенімді етіп бекіту;
– сайлау учаскелерін алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету және автоматты өрт сигнализациясының жұмыс қабілеттілігін тексеруден өткізу;
– сайлау өткізу кезеңінде бөгде адамдарды үй-жайларға, оның ішінде шатырларға, кіруіне шектеу қою.
Айта кетейік, өткен айда Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері қала аумағындағы сайлау учаскелерінің төрағалары, хатшылары мен қызметкерлеріне «Өрт қауіпсіздігі» бойынша түсіндіру жүргізген.
Түсіндіру кезінде төтеншеліктер ҚР «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Заңына сәйкес сайлау учаскелерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тәртібін түсіндірді.
Аталған заң аясында әрбір сайлау учаскесінде оның жұмысы басталғанға дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей ұйым басшысы төмендегідей қағидаларды сақтауды қамтамасыз етуі қажеттігі жазылған.
Атап айтқанда, сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырларының (міндетті түрде су жібере отырып), жарықтандыру және күштік желілерінің, түтінге қарсы желдеткіштің және автоматты өрт дабылы жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі. Сондай-ақ, тексеру еркін нысанда акт жасау арқылы жүргізіледі. Барлық кемшіліктерді ұйым басшысы сайлау учаскесінің жұмысы басталғанға дейін жояды. Анықталған кемшіліктерді жою нәтижелері бойынша немесе олардың болмауы бойынша сайлау учаскесінің жұмысқа дайындығы туралы акт жасалады (актілер сайлау учаскесінің жұмысы аяқталғанға дейін объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамда сақталады).
Өртке қарсы қорғау құралдарының болуы, жарамдылығы және қолдануға тұрақты әзірлігі қамтамасыз етіледі. Сайлау комиссиясының мүшелерімен және қызмет көрсету үшін тартылған персоналмен қол қойғызып, өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт кезіндегі іс-қимылдар туралы нұсқама жүргізіледі.
Тамақ дайындауға арналған орындар белгіленеді және қыздыру аспаптарын пайдалану айқындалады.
Темекі шегуге арналған орындар анықталады және жабдықталады.
Сайлау учаскелері ғимараттарда екінші қабаттан жоғары орналастырылмайды. Ғимарат ішінде уақытша сауда, буфеттер ұйымдастыруға, кино және бейнефильмдер көрсетуге жол берілмейді.
Дауыс беруге арналған үстелдерді, кабиналарды, жәшіктер мен жабдықтарды орналастыру адамдар мен материалдық құндылықтарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асырылады.
Сайлау учаскелерінің үй-жайларында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын қоспағанда, ашық отты пайдалануға байланысты құрылыс, жөндеу және басқа да жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ от жағуға, қоқысты, қалдықтарды, ыдыстарды жағуға және электрмен-газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Көрсетілген жұмыстар қызмет көрсетуші персоналдың тұрақты бақылауымен жүргізіледі.
Сайлаушыларды тіркеу, бюллетеньдерді беру орындары, дауыс беруге арналған кабиналар әр жерге орналасқан кемінде екі эвакуациялау жолмен қамтамасыз етілген үй-жайларда орналастырылады.
Сайлаушылардың қозғалысы адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды ескере отырып ұйымдастырылады. Адам ағындарының қозғалыс бағыты көрсеткіштермен белгіленеді.