ЖАҢА ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

85
0
Дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа қызмет Шымкентте де іске қосылды. Енді дайын құжатты алу үшін ХҚО-ға қайта келудің қажеті жоқ. Корпорация «Яндекс жеткізу» жүйесімен бірлесіп, құжат жеткізудің неғұрлым жылдам әрі ыңғайлы, баламалы тәсілін іске қосты.
Клиент құжаттарды ХҚО-ға тапсырғаннан кейін оған веб-сілтемесі бар SMS-хабарлама жолданады, сол жерде өтінімді толтырып, мәліметтерді енгізіп және жеткізу ақысын сол сілтеме арқылы төлейді. Нақты уақыт режимінде курьердің жол қозғалысын қадағалап, онымен Яндекс GO мобильді қосымшасы арқылы хабарласады. Қосымша жоқ болған жағдайда жеткізілімді SMS-те келген сілтеме арқылы карта виджетімен бақылауға болады. «Қызмет ақылы, құны көрсетілген мекенжайдың орналасқан жеріне, жолдағы кептелістерге, жол жүктемесіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Жеткізу уақыты – 15 минуттан 2 сағатқа дейін. Қызмет іске қосылғаннан бері 300-ге жуық құжат жеткізілді», – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева. Дайын құжаттарды жеткізу 150 мемлекеттік қызмет бойынша қолжетімді, олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жөніндегі құжаттар, жер учаскелеріне актілер, апостильденген білім туралы құжаттар, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің телнұсқалары және басқалар бар. Бұл ретте жеткізу сервисіне жеке куәлік, паспорт және жүргізуші куәлігі сияқты құжаттар кірмейді. Айта кету керек,«Азаматтарға арналған үкімет» Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс атқаруда. Мәселен, жуырда тұрғындарға мемлекеттік қызметті алу жолын ыңғайлы әрі қолжетімді ету мақсатында халыққа заманауи жүйеде қызмет көрсететін цифрлық кеңсе ашылды.Цифрлық форматтағы бөлімшенің ашылу салтанатына тәуелсіз директорлар кеңесініңмүшелері Зағипа Балиева мен Ерғали Бегімбетов, «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясының басшысы Сүйеніш Әбділдин, Шымкент қаласы әкімініңбірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және филиал директоры Балмейір Сансызбайұлықатысты. Цифрлық форматтағы кеңсе кайдзен тұжырымдамасы негізінде және шығыс әдістемесі бойынша жұмыс істейді. Яғни мұнда мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы, корпоративтік мәдениетті, жұмыстың өнімділігін арттыру мақсатында жүйелі жұмыс атқарылатын болады. Тағы бір ерекшелігі — келушілер кеңседегі қызмет көрсету аймағын арнайы дизайнда жасалған түстер арқылы ажырата алады.