ЖАҢА ДҮКЕН ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

69
0
Бүгінде «GraMad» сауда желісінің қаламызда 19 нысаны жұмыс жасаса, халықтың тығыз орналасқан аймағы «Қатын көпір» шағын ауданында 20-сыншы нүктесі іске қосылып, 20 мыңға жуық халық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуде.
Жалпы алаңы 400 шаршы метрді құрайтын бұл жобаға жалпы 80 млн. теңге жеке инвестиция құйылып, 20 адам жұмыспен қамтылды. «GraMad» сауда желісінің негізгі бағыты – 2019 жылдан бастап үй жанындағы дүкен форматында өз тұтынушыларына алуан түрлі тауарлар ассортиментін ұсынып, жергілікті тауар өндірушілерді тікелей қолдау. Оған қоса, Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесе «GraMad» сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Алдағы уақытта дүкендер санын 25-ке жеткізу жоспарланып отыр. Сауда орталығында әлеуметтік маңызға ие тауарлар белгіленген, яғни, арзандатылған баға бойынша сатылып жатыр. Мәселен, 1 келі күрішті – 290 теңгеге, шекерді – 460 теңгеге, І сұрыпты ұнды – 170 теңгеге, пиязды – 100 теңгеге, ал картопты 90 теңгеге алуға болады. Тұран-2 шағынауданындағы «Адия» тұрғын үй кешенінің тұрғыны Хидаят Қалжанова немересімен бірге күніне 1-2 рет міндетті түрде осы дүкенге келеді. Зейнеткердің сөзінше, мұнда тауар түрі көп. Баға арзан, ал қызмет көрсету сапасы жоғары. Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жаңа мөлтекаудандарында дәл осындай сауда нысандарын ашу жұмысы жалғаса береді. Жуырда Тұран шағынауданында «GraMad» сауда желісінің 18-ші супермаркеті ашылған болатын. Айта кету керек, көтерме-тарату орталығы макарон, жартылай фабрикаттар мен кондитерлік өнімдерді өздері шығарады. Жалпы сауда орталығында 12 мыңнан аса тауар түрі тіркелген. Тұрақтандыру қорының айналым қаражаты есебінен ағымдағы жылдың соңына дейін «GraMad» сауда желісінің нүктелерін 80-ге дейін жеткізу жоспарлануда.