ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚУЫРШАҚ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА АРНАҒАН ШАШУЫ

88
0

Қостанай облысы әкімдігінің №03-07/869 хатына сәйкес Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры «2022 жыл-Балалар жылы», театр маусымының ХХХХ жылдығы және Ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында туған жері Қостанай облысына үстіміздегі жылдың қазан айының 12-15 аралығында «Шымкенттен шашу» гастрольдік сапармен шығып, шығармашылық жетістіктерімізбен бөлісіп, көрермендерімізге жаңа да тың, интерактивті сахналық туындыларымызды насихаттап қайтты.

Гастрольдік сапар барысында жалпы орта мектептердің жоғары сынып оқушылары мен колледж, жоғары оқу орындары студенттері А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай елімізде тұңғыш рет сахналанған А.Шаяхмет «Ахмет» реквиемін, Қ.Мұрат «Мектеп» жасөспірімдерге арналған заманауи драмасы, У.Теннеси «Бір күндік бақыт» психологиялық драмасы және «2022 жыл-Балалар жылына» орай бастауыш сынып оқушыларына М.Абай-Ділда «Туған күн» ертегісін тамашалады. А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай елімізде тұңғыш рет сахналанған А.Шаяхмет «Ахмет» реквиеміне автордың өзі және өңірдің зиялы қауым өкілдері де қатысып, қойылымға жоғары баға берді. А.Байтұрсынұлының рөлін сомдаған театрымыздың әртісі Е.Айтенов «А.Байтұрсынұлы» атындағы медальмен марапатталды. Қостанай өңірінің БАҚ-ы (жергілікті телеарналар мен баспа беттері) және республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде көлемді мақалалар жарияланып, телеарналарда тікелей эфирде жүздесулер ұйымдастырылды. Соңғы уақытта Шымкент қаласында мәдениет саласының дамуына айрықша назар аударылып келе жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Шымкентке жасаған жұмыс сапары барысында мәдениет саласы да мемлекеттің басты назарында екенін жеткізген еді. Жиында «Қазір қалада ауқымды іс-шаралар өткізетін мәдениет ошағы тапшы.  Менің тапсырмам бойынша 2 мың орындық Конгресс холлдың құрылысы басталды. Бұл нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Қалада Опера және балет театры бар. Алайда, оның ғимараты талапқа сай емес. Сондықтан, Үкіметке Шымкентте Опера және балет театрын салуды тапсырамын» – деді Президент.