ӨРТТІ БОЛДЫРМАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

Ағымдағы жылдың 1-қазанында ел аумағында жылыту маусымы басталғаны белгілі. Жылыту маусымы басталғаннан бері (14 қарашадағы жағдай бойынша) 16 адам көз жұмған. Түркістан қаласында жылу беру маусымы 1-қарашада басталған болатын. Қуанарлығы қайғылы оқиға бүгінге дейін тіркелмеді. Жылу жүйелерінен де ақаулық шықпады. Қазандықтар қарқынды жұмыс істеуде. Өз кезегінде қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған абоненттерге жылу жеткізетін «Жылу» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы Ерғазы Рысбеков мұны жылу жүйелерінің жаңа болуымен байланыстырады.

Десе де, арқаны кеңге салуға болмайды. Себебі «апат – айтып келмейді» деген бар. Осыған байланысты Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы жылыту маусымы аяқталғанға дейін тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстарды үздіксіз жүргізеді. Осыған байланысты uakit.kz Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі кеңестерін топтастырып, оқырман назарына қайта ұсынады.

Пешіңіз әрдайым жылу берсін десеңіз…

Жылыту маусымы кезінде үйден шығатын өрттердің шығуына пеш себепші болып жататын жағдайлар жиі кездеседі. Пешіңіз өрт шығатын қауіп көзі емес, әрдайым жылу беретін құрал болсын десеңіз оны пайдаланудың ережесін сақтаңыз.

Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес тұрғын үйлерде пештерді қолдануға қойылатын талап пен норма бар. Оның ішінде ең негізгісі пештің мұржасы төбе жабындысынан өтерде жанып кететін материалдарға тимеуі тиіс. Өзге де саңылауы болса бітеп, ақтап қою қажет. Сонымен қатар жылыту пештерінің алдына көлемі 50х70 см құрайтын металл табығын қағып қойған абзал. Пеш алдына темір қаңылтырды не үшін қағу керек? Себебі, қаңылтыр пеш аузынан түсетін шоқтардың жанғыш заттарға тиіп, өрттің болу қаупін тудырмайды.

Пеште жеңіл тұтанатын сұйықтықтармен от жақпаңыз. Жағылған пешті қараусыз қалдырмау керек. Ауа-райы күрт суыған кезде кейбір үйлер пешті шамадан тыс қыздырып жіберетінін, егер үйді монтаждау  кезінде қандай да бір кемшілікке жол берілсе  шамадан тыс қызған пеш әсерінен өрт шығу қаупі жоғарылайтынын біле жүріңіз.

Одан өзге пеш маңайына киім, ал түбіне аяқ киім кептіруде қауіпті. Және пештерді бақылауды кішкентай балаларға тапсыру да өрескел қателікке апаруы мүмкін. Тұрғын үйде болатын өрт тек пештерден емес. Өртті алдын алу үшін электр сымдарының ажыратқыш пен розеткалардың жарамдылығын қадағалауды үрдіске айналдыру керек.  Электр құрылғылары мен плиталарды перделер мен жиһаздардан қашық жерге жанбайтын тіреуіштерге қою керек. Қуаттылығы жоғары электр құрылғыларының бір желіге қосылуына жол бермеңіз. Бұл электр желілерінің  жоғары жүктемесіне алып келеді. Қолдан жасалған электр қыздырғыш құрылғыларын қолданбаңыз. Қыздырғыштарды киім кептіруге пайдаланбаңыз. Үйден шығарда барлық газ және электр құрылғыларының өшірілгеніне көз жеткізіңіз. Сіріңкелер мен оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.

«Иран пеші» неге қауіпті?

Тәжірибеде иран пешін пайдаланудың қауіпті екені бірнеше рет дәлелденген. Естеріңізде болса 2021 жылдың ақпан айында Түркістан қаласындағы жеке үйлердің бірінде 40 жастағы әйел мен оның 2004, 2006,2013,2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болған. Қайғылы жағдай орын алған үйде газ жабдығы ретінде «иран пеші» орнатылған.

Газ қызметінің мамандары да жылыту маусымы кезінде тұрғындардың иран пешін орнатуы белгіленген ережелерге қарсы екенін алға тартады. Және мұны салғырттық немесе өз өмірлеріне қауіп төндіру деп есептейді.  Себебі барлық ирандық пештердің құрылымында мұржа қарастырылмаған.  Және де құрылғыны пайдалану жөніндегі нұсқаулық иран тілінде жазылған. Өзге тілде пайдалану жөніндегі нұсқаулық болмағандықтан дұрыс орнатыла бермейді. Бірақ мұндай жылыту жабдығының бір артықшылығы бағасының қолжетімді болуы. Сондықтан тұрғындар артық ақша болмағандықтан иран пешін алады.

Өз кезегінде төтеншеліктер көбіне-көп мұндай пешті қолданушылар дұрыс монтаждалмайтынын айтады. Немесе орналастыру кезінде қателікке бой алдырады. Мұржасын дұрыс шығармайды. Салдарынан қатты желдің әсерінен пеш өшіп қалады. Сөйтіп улы иіс бөлме ішіне тарайды. Осылайша адам өміріне қауіп төндіреді.

Газ қондырғысы бар жерде ұйықтамаңыз…

Халықтың өз бетінше үйлерді (пәтерлер, бау-бақшадағы шағын үйді) газдандыруды жүргізуге, газ аспаптарының, баллон мен бекіту арматураларының орнын ауыстыруға, алмастыруға және жөндеуіне тыйым салынады. Кез-келген газ жүйесін құрастыру тек мамандандырылған ұйыммен жүргізілуі тиіс. Тиісінше ұйымдардың келісімінсіз, газ аспаптары орнатылған орынжайды қайта жоспарлауды жүзеге асыруға мүлдем болмайды. Бұдан бөлек, газ аспаптары орнатылған орынжайларда ұйықтау мен демалу үшін қолдануға, газ шығуын анықтау үшін ашық отты пайдалануға (газ шығуды анықтау сабын эмульсиясымен немесе арнайы аспаппен жүргізіледі), түтін мен желдету жүйелерінің құрылысын өзгертуге, екі қабаттан көп қабаттары бар тұрғын ғимараттарының пәтерлерінде баллондарды орналастыруға тыйым салынады.

Сонымен қатар желдету арналарын бітеп тастауға, түтіндіктерді тазалауға арналған «қалталар» мен люктерді бітеп немесе сылап тастауға болмайды.

Газ иісі шықса не істеу керек?

Ең әуелі газ құбырындағы вентильді жабыңыз. Содан соң тез арада терезелерді ашып, үйді желдетіңіз. Жарық немесе тұрмыстық аспаптарды қоспаңыз. 104 телефон нөмірін теріп, апаттық қызметті шақырыңыз. Жоғарыда мұндай оқыс оқиға тап болмас үшін  халықтың өз бетінше үйлерді (пәтерлер, бау-бақшадағы шағын үйді) газдандыруды жүргізуге, газ аспаптарының, баллон мен бекіту арматураларының орнын ауыстыруға, алмастыруға және жөндеуіне тыйым салынғанын, кез-келген газ жүйесін құрастыру тек мамандандырылған ұйыммен жүргізілуі тиістігін, тиісінше ұйымдардың келісімінсіз, газ аспаптары орнатылған орынжайды қайта жоспарлауды жүзеге асыруға мүлдем болмайтынын, бұдан бөлек, газ аспаптары орнатылған орынжайларда ұйықтау мен демалу үшін қолдануға, газ шығуын анықтау үшін ашық отты пайдалануға (газ шығуды анықтау сабын эмульсиясымен немесе арнайы аспаппен жүргізіледі), түтін мен желдету жүйелерінің құрылысын өзгертуге, екі қабаттан көп қабаттары бар тұрғын ғимараттарының пәтерлерінде баллондарды орналастыруға тыйым салынатынын айтып өттік.

Газ жабдығы жақсы желдетілген және ауасы жаңартылған бөлмеде жұмыс істеуі тиіс.

Газ баллонын қауіпсіз қолданудың қағидасы қандай?

Ол үшін газ баллондарын сатып алғанда, орнатқанда және газ плиталарды пайдаланғанда келесі қағидаларды қатаң сақтау қажет.

Газ баллондарды өтіп бара жатқан машиналардан, жекеменшік үйлерден және кездейсоқ қоймалардан алмауды қаперіңізден шығармаңыз. Баллон сатып алғанда газ шаруашылығының атауы, баллон нөмірі, газбен баллон массасы міндетті түрде көрсетілген чек немесе талон талап етуді ұмытпаңыз.

Паспорттық табличканың, куәландырылған мерзімінің, сырдың қорғаныс қабатының бұзылуының барына, атмосфералық  коррозияның барына, вентиль маховигінің бұзылуына, жарықшақтың, жапырылғанның, қуыстың барына, баллон корпусы немесе ілмек қондырғысында газдың ағып кетуіне,  «Пропан» жазуының барына назар аудару маңызды.

Газ баллонын сатып алғанда газ баллондарын іске асыру бойынша фирманың қызметкерімен газ баллонның герметикалық қақпағы мен тығыздалған резеңке шығыршығын тексеруді, газ баллонның дәнекерлік тігін орындарының тұтастығын көрнекі қараумен тексеруді, газ құралдарын орнату мен жөндеуді тиісті құжаты бар мамандарға  сеніп тапсыруды, сабын көпірігі көмегімен газ баллоны мен плитаның резеңке шлангысымен қосылған жерінде редуктордың герметикалығын тексеру де қауіпті алдын алудың қағидасы. Герметикалық емес қосуда сабын көпірігінде көбікшелер болады, бұл жағдайда газ баллонды қолдануға тыйым салынады.

Баллонның тығыздалған резеңке шығыршығының тұтастығына көзіңізді жеткізіңіз.

Резеңке шлангысының тұтастығын көрнекі тексеруді, герметикалық редукторды тексеру үшін ашық от қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Газ плитада газ каналдарының герметикалығын мерзімді тексеруді, газ плитамен жақсы желдетілген орынжайда ғана қолдануды, плита газ баллонының редукторын орнатқаннан кейін редуктор қақпағын ашуды, бұл орайда плита крандары жабық жағдайда болуы керектігін біле жүріңіз.

Газды жаққанда жанған сіріңкені алдымен шілтерге жақындатып, содан кейін кранды ашу керек.

Газ плитасын мақсатты қолданыңыз…

Кейбір азаматтар күн кұрт суыса газ плитасын жылыту құралы ретінде пайдаланады. Бұл өте қауіпті.  Газ плитамен үй жылытуға мүлдем болмайды.

Газ плитаны қараусыз қалдырмаңыз. Жанғыш сұйықтар мен заттарды плитада жылытпаңыз. Газ плитаны балалардың қолдануына сенбеңіздер. Плитаны таза ұстаңыз. Газ құбырлары мен құралдардың кемшіліктерін өз бетінше жөндемеңіздер. Плита үстінде кір кептірмеңіздер. Плитадан жаңғыш заттарды алып тастаңыздар. Газды қолданғаннан кейін газ құралында кранды және баллондағы вентилді жабыңыз. Газ иісінің жоқтығы мен газ шілтеріндегі оттың жоқтығына көз жеткізіңіз.

Ғимараттардағы өрт қауіпсіздігін қаперде ұстаңыз!

Қызметтік және қосалқы үй-жайларды күтіп ұстауда келесідей жағдайларға тыйым салынады.

Өрт сөндіргіштерге, өрт крандарын қол жетімді ұстамауға, жобада қаралған есіктерді алып тастауға, эвакуациялау жолдары мен шығу жолдарын әртүрлі материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен, қалдықтармен, қоқыстармен және басқа заттармен толтыруға, эвакуациялық шығулардың есіктерін жабуға, авариялық шығу есіктерін құлыптармен жабуға тыйым салынады.

Электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тәртібін ұмытпау керек. Атап айтқанда, зақымдары бар қуат сымдары мен розеткаларды пайдалануға, электр шамдары мен шамдарды қағазбен, шүберекпен және тағы басқа жанғыш материалдармен жабуға, лампаның конструкциясында көзделген  плафондарды алып тастауға, қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар тұрмыстық электр аспаптарын, оның ішінде күту режимінде тұрған электр аспаптарын қараусыз қалдыруға, желінің шамадан тыс жүктелуін болдырмау үшін бір электр розеткасында қуаттылығы жоғары аспаптар мен жабдықтарды қосуға болмайды.

Жұмыстың соңында үй-жайды тексеру мен жабу тәртібін қаперден шығармаңыз.

Жұмыс күнінің соңында үй-жайдан соңғы шыққан адам үй- жайды өрт қауіпсіздігі бойынша тексеруге міндетті. Жарықтандыруды өшіру, электр кеңсе жабдықтары мен электр құрылғыларын электр желісінен ажырату, терезе желдеткіштері мен фрамугаларды жабу, есікті бекіту, бөлменің терезелерін қоршау, жылыту қондырғыларынан жанғыш  материалдарды алу қажет.

Ішкі өртке қарсы сумен қамтамасыз ету, өрт сөндіру түтікқұбырын толығымен жайып, оқпанды өрт көзіне бағыттап, оны мықтап ұстау кеек.

Кернеу астында тұрған электр қондырғыларын сөндіру үшін ішкі өртке қарсы суды пайдалануға тыйым салынады. Өртті сөндіру үшін дұрыс құралды тиімді пайдалану үшін тек өрт сөндіргіштерді пайдалану ережелерін оқып қана қоймай, алдымен белгілі бір құрылғыға арналған нұсқаулықты зерделеу қажет.

Өрт сөндіру құралдары екігі бөлінеді.

Біріншісі, қол көмегімен жұмыс істейтін құралдары. Атап айтқанда құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар, химиялық көпіршікті от сөндіргіштер, ұнтақты отсөндіріштер, көміроттекті отсөндіріштер, хладонды отсөндіргіштер, құрама отсөндіргіштер.

Екіншісі өртке қарсы жүйелер. Атап айтқанда сумен жабдықтау жүйелері, көпіршікті генераторлар, автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері.

Өрт сөндіргішті қолданып болғаннан кейін оны қайтадан зарядтау немесе жаңасымен ауыстырып, қайтадан орнына қою керек.

Өрт кезінде қызметкерлердің әс-әрекеті: түтінді, температураның көтерілуін, жану иісін немесе өрттің алғашқы белгілерін алғаш байқаған қызметкер өртке қарсы қызметтің 101 телефонына немесе 112 бірыңғай телефон нөміріне хабарласу қажет.

Басқа қызметкерлерге қауіп туралы хабарлау үшін, оқиға туралы жоғары тұрған басшыға хабарлау, сондай-ақ өрт туралы қауіпсіздік бекетіне хабарлау үшін қолмен өрт дабылдарын пайдалану қажет.

Бөлмеден шыққан кезде оттегінің отқа түсуіне жол бермеу үшін терезелер мен есіктерді жабу қажет.

Төтенше жағдайлар қызметінің үй-жайға кіруін жеңілдету үшін есіктерді құлыптауға тыйым салынады.

Өртпен бетпе бет келсеңіз не істеу керек?

Біз көбіне көп өрттің алдын алу туралы хабардар етеміз. Ал өрт болған жағдайда не істеу керек?

Егер ғимаратта, жеке тұрғын үйде немесе өзге де орындарда өрт шыққан жағдайда суланған мата арқылы дем алу керек. Жалын сізді шарпымас үшін киіміңізді сулаңыз немесе суланған матаны жамылып алыңыз. Ғимараттан тез шығуға тырысыңыз. Еденге жақын еңкейіп немесе еңбектеп жүріңіз. Жеделсатыны пайдаланбаңыз. Ғимараттан шыға алмасаңыз, терезені ашып белгі беріңіз.

Есіңізде болсын, Сіздің қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда.

 

Тұрмыста табиғи газды қауіпсіз пайдаланудың ережесін білесіз бе?

Тұрмыста газ қолданушы тұрғындар төмендегі талаптарды орындауға міндетті:

– Газ құралдарының, мұржалардың және де желдеткіштердің жұмыстарын қадағалап отыру, газ құралдарын қосқан кезде түтіннің мұржа арқылы тартылуын тексеру. Газбен жұмыс істейтін пештерді қосар алдында шибердің толық ашылғандығын тексеру, мұржаның «қалтасын» әр уақытта тазалап отыру;

– Газ қолданғаннан кейін газ құралдарының кранын жабу, ал егер газ баллондары ас үйдің ішінде болған жағдайда, баллондардың вентилін қосымша жабу;

– Газ құралдарында ақау болғанда газ шаруашылығы мекемесінің қызметкерін шақыру;

– Газ беру күтпеген жағдайда тоқтап қалса, тез арада газ құралдарының кранын жауып, 104 телефоны арқылы апаттық газ қызметінің мамандарын шақыру;

– Пәтерде газ иісі байқалған жағдайда тез арада газ құралдарын пайдалануды тоқтату, крандарды жабу, терезе немесе желдеткішті ашып, бөлмені желдету, 104 телефоны арқылы газ шаруашылығының апаттық газ қызметінің маманын шақырып, газданбаған бөлмеден телефон соғу керек. От жағуға, темекі шегуге, электр қосқыштарын, электр құралдарын және электр қоңырауын  қосуға болмайды;

– Жертөледе, кіреберіс пен аулада газ иісі сезілген жағдайда:

  • айналаңыздағыларға қауіпсіздік ережесін сақтауға хабар беру;
  • газ жоқ жерден 104 телефоны арқылы газ қызметін шақыру;
  • газ қызметкерлері келгенше газ иісі шыққан жерлерден тұрғындарды шығарып, электр құралдарын қосқызбауға жағдай жасау, жайларды желдетуді ұйымдастыру.

– Газ құбырларын және газ қондырғыларын тексеру және жөндеу үшін пәтеріңізге газ шаруашылығы мекемесінің қызметкерлерін қызмет куәлігін көрсеткен жағдайда ғана тәуліктің кез келген уақытында кіргізу;

– Бір айдан көп мерзімге пәтерден кеткен кезде газ шаруашылғы мекемесіне хабар беру;

– Жеке меншіктегі үйлер мен пәтер иелері газ қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және мұржалар мен желдету каналдарын тазалауға уақытылы келісім шарт жасауы керек. Қыс айларында мұржаның ұшар басына  мұз қатып және бітеліп қалуын әр уақыт тексеріп отыру керек.

Тұрғындарғы тыйым салынады:

– үйді (пәтерді, бау бақша үйін) өз бетінше газдандыруға, газ құралдарының орнын ауыстыруға, газ құралдарын, баллондарын және жабу құралдарын жөндеуге;

– газ құралдары орнатылған бөлмелерді қайта құруға, жауапты ұйымдардың келісімінсіз жылытылатын бөлмелердің ауданын өзгертуге;

– газ құралдарының құрылғыларына өзгерістер енгізуге. Түтін шығу және желдету жүйелерінің құрылысын өзгерутге, желдету каналдарын жауп тастауға, түтін шығу жолдарын тазалайтын люктерді «қалталарды» жауып тастауға;

– өз бетінше мұржалардың және су жылытқыш түтін шығару құбырларында қосымша шибер орнатуға;

– газ шаруашылығының қауіпсіздік ережелерінде көрсетілген мерзімдерде мұржалар мен желдету каналдарын тазалау жұмыстары жүргізілмеген жағдайда қолдануға;

– желдеткіштер мен жалюздер және желдеткіш каналдар жабық болған жағдайда, мұржаларда желдету каналдарында және ванна бөлмесіндегі  есік астында қуыс тарту болмаған жағдайда газ құралдарын қолдануға;

– жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдыруға (үздіксіз жұмыс істейтін және бұған сәйкес автоматика орнатылған құралдары есептемегенде);

– мектеп жасына дейінгі балаларды, өз іс-қимылына жауап бере алмайтын адамдарды және және бұл құралдарды қолдану ережелерін білмейтіндерді пайдалануға жіберуге;

– газ және газ құралдарын қызметіне сай емес пайдалануға. Газ плитасымен үй жылытуға;

– газ құралдары тұрған бөлмені демалыс және ұйқыға пайдалануға;

– газ шығып тұрған жерді жанып тұрған отпен тексеруге (бұл мақсатта сабын көбігі немесе арнаулы құралдары қолданылады);

– газ қондырғыларын бұзуға және газ ұрлауға жол беруге болмайды.

Телефонды қуаттаудың қағидасын сақтаңыз

Электр құралдарын электр желісінен ажыратпау – өрт жағдайының болуына апаратын себептің кең тараған түрі.

Әрбір батареяның электр сыйымдылығы бар. Мысалы, электр тоғы арқылы жұмыс істейтін құрал 2 сағаттың ішінде қуатталса, батарея  әрі қарай электр тоғын жинай алмайды. Тез арада электр желісінен ажыратылмаса  атылады. Яғни, құрал 100 пайыз зарядталған соң, аккумулятор толмайды. Тек ток аккумулятор арқылы өтеді. Сол кезде аккумулятор ішіндегі пластиналар, химиялық қоспалардың физикалық және химиялық қасиеттері өзгереді де, өкінішті жағдайға ұласуы әбден мүмкін.

Өз кезегінде телефонды түнде қуаттағыш құралға қосып, алаңсыз ұйқыға кету Сіздің және жақындарыңыздың өмірі үшін қауіп әкелетінін қажетсіз әдет екенін біле жүріңіз. Күнделікті өмірде телефонды ток көзіне қосу жағдайы көп қайталанады. Міне сол қуатталып тұрған телефонды қараусыз қалдыру салдарынан балалар оны ұстап, тістелеп ойнауы ғажап емес. Сондай кезде балаларды ток соғуы әбден мүмкін.

Мұндай оқыс жағдайлар болмас үшін телефонды қуаттағанда құралды балалардың қолы жетпейтін жерге орналастырған абзал.

Электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз

Адамдар уақытының көп бөлігін жұмыс орнында өткізетіні белгілі. Сондықтан да жұмысың екінші үйің деп айту тегін емес. Жұмыс орныңызда оқыс жағдайдың алдын алу үшін қарпайым ережелерді сақтаудың маңызы зор. Бұл сіздің, ұжымыңыздың, ең бастысы отбасыңыздың қайғылы жағдайға бетпе бет келуін алдын алады.

Көптеген адамдар жұмыс орнында уақытын  компьютер алдында өткізеді. Кей қызметкерлер жұмыстан кетерде жеке компьютерін сөндіруді ұмытып кетеді. Егер кеңседе 1 сағаттан көп болмасаңыз, компьютерді өшіріп кеткен дұрыс.

Жұмыста компьютерден бөлек, шәйнек, қысқатолқынды пеш, кофе қайнатқыш пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ, кейбір кеңселер салқын болғандықтан, қызметкерлер қосымша жылытқыш құралдарды қосуға мәжбүр болады. Тіпті кей кісілер «таңертең бөлме іші жылып тұрсын» деген мақсатпен жылытқыш құралдарды алдын-ала қосып кетеді.

Электр құралдарын дәл осылай қараусыз қалдырып кету апатты жағдайдың орын алуына себепші болады.

Маңызды ақпарат!

Егер де газ жүйелерінде қандай да бір ақау шықса қала тұрғындары  112 шұғыл нөміріне, өрт сөндіру бөліміне, қалалық «Газ инспекциясына», 104 апатты газ қызметіне немесе «ҚазТрансГазАймақ» мекемелерінің біріне қоңырау шалып, хабарлама түсірсе жеткілікті. Ең бастысы өртті дер кезінде хабарлау.