ТЕКЕСУ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

98
0
Шымкент қаласындағы Текесу елді мекенінің тұрғындары жуырда таза ауызсуға қол жеткізетін болады, деп хабарлайды Uakit.kz.
Қала әкімі М.Әйтенов өз тапсырмасында шағынаудандар мен елді мекендерді жоспар бойынша 2023 жылы ауыз су мәселесін толығымен шешілуі тиіс деген болатын. Осы орайда Шымкенттегі Әл-Фараби ауданына қарасты Текесу елді мекенінде су құбырларын тарту жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді мемлекеттік ауыз су құбырына қосу, яғни абоненттеу жүргізілуде. Аталған аумақ бойынша 13,5 шақырым су құбыры тартылған.
Айта кетейік, тұрғындар орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылу үшін мемлекет тарапынан тасталған құбырдан үй ауласына қосу жұмыстарын өздері жүргізу қажет.
Сонымен қатар, жеке есеп шот ашу үшін меншік иесі, мемлекетті жер АКТ-і, жеке куәлік көшірмесін «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ге өткізу керек. Абоненттеу жұмысы толық аяқталған соң Текесу елді мекеніндегі 200 отбасы сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Биыл қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында барлығы 7 нысанның құрылысы жүргізілді. 2022 жылдың қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елді мекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, көрсеткішті 98% –дан – 99%-ға жеткізу жоспарланған.
Бұдан бөлек, Еңбекші ауданы Қаратөбе аумағында орналасқан Қарабастау тұрғын алабы да таза ауызсумен қамту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і тарапынан Қаратөбе аумағында орналасқан Қарабастау тұрғын алабындағы 1590 абонетті қамтитын ауыз су құрылыс жұмыстары жүргізіп жатыр. Жаңадан құбырлар тартылып, құдықшалар орнатылуда. Жоба құны 1,7 млрд.теңгені құрайды. Жұмыстар аяқталғаннан кейін, Жұлдыз тұрғын алабындағы 484 абонетті қамту жұмыстары жүргізілетін болады.
Айта кету керек, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар шағын аудандарады аралап, инфрақұрылыммен қамту жұмыстары барысымен арнайы танысып жүр. Жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының жұмыс деңгейін біліп, сапалы да уақытылы орындалуын талап етуде.