«МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫНДА» БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

47
0
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Авто-нұр» базары жастары мен базарға келушілерге «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
NEET санатындағы жастар үлесін азайту мен мемлекеттік бағдарламаларды жастарға насихаттау мақсатында өткен жәрмеңкеге, Еңбек мобильді орталығы, Тұрғын үй мен Отбасы банк орталығының қызметкерлері қатысты. Базар жастарына жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыс, алғашқы бос жұмыс орны бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде толықққанды мағлұматтар беріліп, ақпараттық кітапшалар тарқатылды. Базар орталығында өткен жәрмеңкеге 40-тан аса жас қатысып, 5 жас Еңбек мобильді орталығына тұрғылықты мекен-жайы бойынша жолдама алды. Айта кету керек, Шымкентте «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде биыл 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының тарапынан бүгінгі таңға нақты 22 489 адам қамтылып, жоспар 67,1% орындалды. Атап айтқанда, халықтың әл-ауқатын дамытуға бағытталған жоба аясында азаматтарды кәсіби білім беру бойынша оқуға жолдау, кәсіпкерлікті қолдау бағытында «Бастау Бизнес» жобасы мен өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 19 мыңнан астам адамды бос жұмыс орындарына орналастыру жоспарланып, бүгінде 5293 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Ұлттық жобалар және азаматтардың жеке бастамалары негізінде қалада биыл 23 420 жұмыс орнын құру көзделген. Оның бүгінге дейін 12 500-ге жуығы ашылған, оның 12 203-і – тұрақты жұмыс орындары. Ұлттық жобалар аясында халықты жұмыспен қамту шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Ж9мыспен қамтуды мақсат еткен бағдарламалардың арасында «Жастар» практикасы да бар. Жастар практикасы уақытша жұмыс орны болып есептеледі. Бағдарламаға 35 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады. Сондай-ақ айлық есептік көрсеткіші 103 500 теңгені құрайды. Аталған бағдарламаның мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу, жұмыс істеуге бейімдеу. Бастапқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беру.