ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ЖИНАЛУ ПУНКТТЕРІ ТАЛАПҚА САЙ
Түркістан қаласындағы 34 мектепте эвакуациялық жиналу пункттері құрылған.
Бұл туралы Түркістан адами әлеуетті дамыту білім бөлімі uakit.kz-ке берген мәлімдемесінде келтіреді.
Айта кетейік, эвакуациялық жиналу пункттері табиғи немесе техногенді апат кезінде халықты қауіпсіз жерге көшіру тәсіді кезінде қолданылады. Қазақстан Ресрубликасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңында Азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауды қамтамасыз ету және осы мақсаттарда күштер мен құралдарды дайындау үшін республикалық, облыстық, қалалық, аудандық азаматтық қорғау қызметтері құрылатыны келтірілген. Өз кезегінде Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітсе, азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйелерінің азаматтық қорғау қызметтері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімдерімен құрылатыны шегеленген.
Сонымен қатар эвакуациялық іс-шараларды орындауды ұйымдастыру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарда, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда эвакуациялық органдар құрылады.