ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БАСТЫ БАҚЫЛАУДА
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бекітілген іс-шараға сәйкес, Әл-Фараби ауданың прокуратура өкілдері, қалалық білім басқармасы және аудандық полиция қызметкерлерінің қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдттік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын сату деректерін болдырмау. Рейдттік шара барысында аудан аумағындағы басты көшелер бойында орналасқан орналасқан кәсіпкерлік нысандар, ойын-сауық орталықтары, ойынханалар толықтай зерделеніп, кәсіпкерлік нысан иелеріне түнгі мезгілде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді кіргізбеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аудан аумағындағы басты көшелер мен саябақтар аумағында заңды өкілінсіз түнгі мезгілде 23-00 ден кейін жүрген 10-ға жуық жасөспірім анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы, 2 тармағы бойынша ата-аналарына ескерту хаттамалары толтырылды. Аталған рейдтік іс-шаралар кестеге сәйкес алдағы уақытта тұрақты жалғасатын болады. Рейдтік шара барысында сала мамандары жасөспірімдер жиналатын орындарды, ойын-сауық орталықтары мен көңіл көтеретін аумақтарды аралады. Қала аумағында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықпен қылмыстың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Айта кетсек, құқық бұзушылық бойынша ұсталған жағдайда кәмелетке толмаған бала полиция бөлімшесіне жеткізіліп, жеке басы анықталады және ата-анасына хабар беріледі. Бұл ретте, бала түнгі 22:00-ден ойын-сауық мекемесінде ұсталған болса, ата-анасы 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал үй жағдайынан тыс 23:00-ден 06:00-ге дейін ұсталса, бірінші ретте ескерту жасалады. Бірақ екінші рет қайталанған жағдайда 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.