АЛҒАШҚЫ ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

97
0
Шымкентте қыс мезгіліне дайындалған техникалар өз жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкентте түннен бастап қар жауды. Осыған орай алғашқы қар тазалау жұмыстары да басталып кетті. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандарының аумағындағы ішкі орам және орталық көшелерді қар тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Абай ауданында Тазалық жұмыстарына «Build Stroi» ЖШС 25 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 5 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 5 дана, Трактор 320 – 2 дана, Газ-Саз – 3 дана, Газ 53 – 6 дана, Камаз ассенизатор – 2 дана, Камаз шаңсорғышы – 1 дана, Haide шаңсорғышы – 2 дана, Жүк тасығыш – 2 дана, жалпы саны 200-ге жуық адам жұмылдырылды.
Аталған техникалар 9 бағыт бойынша жұмыстар атқаратын болады. Сонымен қатар, 5875 куб инертті материал бар.
Ал Әл-Фараби ауданы аумағында таңғы 5-тен бастап басты және ішкі орамдық көшелерде қар күреу жұмыстары басталды. Тазалық жұмыстары мердігер мекеме “Жасыл ел” ЖШС-і тарапынан атқарылуда. Қар тазалауға техникалар мен қоса 50-ден аса жұмысшы күші жұмылдырылды.
Еңбекші ауданында тазалау жұмыстары мердігер мекеме «Жасыл Жер» ЖШС тарапынан жүзеге асуда. Аудан көлемінде тазалық жұмыстарына жалпы саны 220 адам қатысып жатыр.
Айта кету керек, жуырда ғана Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев «Build stroi» ЖШС базасына барып, техникалардың қыс мезгіліне дайындығын пысықтаған болатын. Биыл Әл-Фараби ауданы бойынша қыс мезгілінде көшелерді тазарту үшін 44 техника мен 285 жұмысшы тартылмақ. Қазіргі таңда қоймада мұз ерітетін 5 300 м3 инертті зат бар. Бұдан бөлек, жылыту мәселесіне келсек, «Қуатжылуорталық-3» МКК-на қарасты 15 қазандықтар мен 17 сорғы станциялар бірқалыпты жұмыс атқарып, жылу өндіруде. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 1987 көпқабатты тұрғын үйлер мен 484 бюджеттік мекемелерге температуралық кестеге сәйкес жылу беріліп жатыр. Бюджеттік мекемелерге қажетті 4,7 мың тонна көмірге және 655 тонна сұйық отынға толық келісім-шарт жасалған, мекемелердің өтініміне сәйкес тасымалданатын болады.