МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНҒАН ЖИЫН ӨТТІ

96
0
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Болашақ колледжінде зорлық зомбылық алдын алу тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге тәжірибелі психолог Атаева Жанат Қалназарқызы, Болашақ колледжінің психологы Абенова Қарашаш Нысанқызы, тәрбие іс жөніндегі басшы орынбасары Сурашова Айнаш Серікқызы, Жастар ресурстық орталығының психолог мамандары Сайдахан Жібек пен Айда Қалдыбай және Болашақ колледжінің студенттері қатысты.
Президент жолдауында айтып өткендей «Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ, қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды. «Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет. Бұл мәселені шешуді Парламентке және Үкіметке тапсырамын» деген мемлекет басшысының жолдаудағы тақырыптар төңірегінде студенттерге толыққанды насихатталып, өзара сұрақ-жауап алмасты. Жалпы статистикаға сүйенсек, ағымдағы жылдың қаңтары мен мамыры аралығында Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық салада 378 құқық бұзушылық жасалыпты. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде секторда 395 құқық бұзушылық тіркелген. Биылғы көрсеткіш былтырғыға қарағанда 4,3 пайызға аз. Десе де ең сорақысы бұл емес. 10 отбасылық-тұрмыстық қылмыстың 9-ы қасақана ауыр зиян келтіру немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру мен адам өлтіру екен. Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары жасырын күйінде қалып қояды. Көп жағдайда, отбасы бұзылмасын, бала-шаға толыққанды жанұяда өссін деген сынды себептермен күйеуінен қорлық көрген қыз-келіншектер үнсіз қалады. Мұны психологтар да растайды.  Сондықтан мұндай шаралардың қоғамның дамуы үшін маңызы зор.