ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БІРІНШІ ОРЫНДА

130
0
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының қауіпсіз жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында тиісті жұмыстар тұрақты түрде атқарылып келеді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Жалпы қала көлемінде 284 бағдаршам нысаны болса, ағымдағы жылы қажеттілігі бар аймақтарға қосымша 12 бағдаршам орнатылды. Сонымен қатар, қала көшелеріне жалпы 450 шақырым жол таңбалары сызылып, 4000 дана жол белгісі орнатылды. Келер жылғы жоспарға сәйкес, 15 аймаққа бағдаршам орнату жоспарлануда.
Естеріңізде болса, 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша 200 орынға 800 «Сергек» камерасы орнатылған болатын. Биыл да қала аумағында құқық бұзуды тіркеуге арналған автоматты камералар желісін кеңейту бойынша 50 орынға 200 дана«Сергек» камерасын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Қаламызда қауіпсіздік шаралары жыл сайын жүйелене түспек.
Айта кету керек, 2022 жылғы 7 мен 13-қараша аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7797 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 3266 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 12 қылмыс ашылған. Оның ішінде, ұрлық — 4, автокөлікті заңсыз иелену – 1, басқа да  — 7. Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1155 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде, нөлдік төзімділік бойынша – 285, жол ережесін бұзған – 723, одан басқа да 147 жайт анықталды.
Жалпы Шымкент қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өткен жылы жаңадан 3177 бейнебақылау камералары орнатылып, қала аумағын шолу 3 есеге артты. Биылда қосымша 1000 бейнебақылау камералары орнату көзделген. Сонымен бірге,халық тығыз орналасқан шағын аудандарда заманауи 9 мобильді полиция бекетін орнату жоспарлануда.