ТҰРМЫСТАҒЫ ӨРТТЕРДІҢ ТЕҢ ЖАРТЫСЫ ПЕШТІ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУДАН БОЛАДЫ

Түркістан қаласы бойынша тіркелген тұрмыстағы өрт жағдайларының 50 пайызы пештің дұрыс қолданылмауынан болатыны анықталды.

Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Б. Маратов uakit.kz-ке берген мәлімдемесінде осылай дейді.

Өз кезегінде ол «Өрт түтін шыққышта жиналып қалған күйенің жануынан да болуы мүмкін.  Ағаш 300°С жуық температураға дейін қызған кезде тұтанады. Пештің немесе тұрбаның түпкі қабырғасына жақын қаптағыш немесе еден салуға болмайды. Олар тек бөлгіштің шетіне дейін ғана жету керек. Пешті салғанда жанғыш ағаш қабырғалардың немесе қалқалардың аралығында 130 мм дейін бөлгіш жақтан ағашты қорғаумен аралық жасалады. Ал ағаш пен «түтін» арасындағы қашықтық 250 мм-ден кем болмауы керек. Еден астымен қандай да бір пеш күлдіктері қосылуларының болуына қатаң тыйым салынады»,-дейді.

Сонымен қатар ол «Міндетті түрде төбенің жоғары жағынан бастап пештің жабынына дейін 350 мм кем емес төбені бөлместен арақашықтық қалдыру керек. Ал төбені бөлгенде 250 мм болу керек. Ол қарау, жөндеу және шаңнан тазалау үшін ыңғайлы болуы қажет. Қандай да бір пештің оттығының алдындағы ағаш едендер екі қабат киізбен немесе асбестпен бөлектенеді және мөлшері 500 х 700 мм кем болмайтын болат жабынмен плинтустарды жабумен қапталады. Пеш пен тұрбаларды жүйелі түрде қарау және де бұзылуларды жөндеу керек. Қыс уақытында әсіресе пештер мен тұрбаларға мұқият қарау керек»,-деп ескертеді.

Одан өзге Б. Маратов пешті қолданған кезде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау себебінен болатын өрттердің алдын алу үшін жылыту маусымы басталардың алдында пештерді және түтін шыққыштарды тазалау, жөндеу және олардан шыққан түтіннен, пайда болған қара жарықшақтарды байқау үшін әкпен немесе балшықпен ағарту керек екенін айта келе, «Түтін шыққыштарды тексерген кезде түтін тартуына және бітелістің жоқтығына, тығыздығы мен олардың бөлектенуіне, жанғыш құрылғыларды сақтап тұратын бөліктердің барлығы мен дұрыстығына аса көңіл бөлу керек. Есте сақтаңыз, пешті салу мен жөндеуді тек мамандарға тапсыру керек. Әрбір пеш жеке ірге тасқа салыну және барлық жалпақтығымен ағаш құрылғылардың қандай да бір қабырғасына жақын болмау керек. Олардың арасына саңылау  бөлшек қалдыру қажет. Оттықтың алдындағы ағаш еденге мөлшері 50х70 см кем емес темір табақ (оттық) қағу керек. Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру және кішкентай балаларға тапсыру аса қауіпті. Пешті жағу үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға болмайды. Пеш қатты қызып кетпес үшін оны біржарым сағаттан аспайтын уақыт және күніне ек-үш рет жағу керек. Ұйықтар алдында үш сағат бұрын пешті жағуды тоқтату керек. Қалауларда жарықшақтардың пайда болуының алдын алу үшін, түтін шыққышта жиналып қалған күлді жүйелі түрде тазалап тұру қажет. Үш айда бір рет түтін шыққыштан күлді тазалауға арнайы маманды шақырып отыру қажет. Пеште дым ағаштарды және киімдерді кептіруге болмайды. Жихаздардың, перделердің жанып жатқан пештен біржарым метрден ары тұрғанына көңіл бөліңіз. Ешқашанда пешті оттыққа ұзындығы бойынша симайтын ағашпен жағуға болмайды»,-дейді.

Өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы ерте ме кеш пе сізді қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыруы мүмкін екенін есте сақтаңыз.