ЖАСТАР АРАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛУДЕ
Шымкент қаласында жастардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдайлар жасалып келеді. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың өзі жастармен жиі жүздесіп, мәселелерін тыңдап келеді. Осының арқасында қордаланған күрделі мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келе жатыр. Жастарды қолдау, олардың арасындағы түйткілді түйіндердің түйінін ағыту мақсатында қыруар іс қолға алынған. Қала берді, өскелең ұрпақ арасында патриотизм, ұлттық құндылықтар мен ата дәстүрлі насихаттау ісінде де ілгерілеушілік бар. Осы тұста толығырақ тоқталайық…
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Мағжан Исахов «Халықаралық студенттер күніне» орай және орталықтың атқарған жұмыстары жайында баяндады. Орталық басшысы Мағжан Шыңғысұлы қаламызда 14-29 жас аралығында 245 178 жас бар. Жыл басынан бері 37 000 жуық жасқа аудандық жастар ресурстық орталықтары қызмет көрсетті. Атап айтқанда орталықта мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауға бағытталған мобильді топ шалағай аудандарда және үлкен-кіші базарларда мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілуде. Сонымен қатар, түрлі әлеуметтік бағыттар бойынша 650 — ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 353 мыңға жуық жас қамтылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағында 9 ірі базардың жанынан «Жастар ұйымдары» ашылып, олармен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Негізгі бағыттары базар жастарын әлеуметтендіру болып табылады. Олар, кәсіпкерлікті заңдастыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту, спорттық мен мәдени іс-шаралар жүзеге асырылуда. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының арасында өткізілген қалалық Жайдарман – 2022 финалдық кезеңі өз мәресіне жеткендігін атап өтті. 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай, жастарға кәсіби бағдар беру, саналы түрде мамандық таңдауға дайындау. Жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру. Жастар арасындағы мәселелерді ашық көрсету арқылы оларды саналы әрекеттерге тәрбиелеу мақсатында «Қызыл диплом» толықметражды фильмінің тұсау кесу рәсімі 19 қараша күні сағат 13:00-де Жастар ресустық орталығында көрсетіледі.