ЖҰМЫССЫЗ ЖҮРСЕҢІЗ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСЫҢЫЗ

74
0
Шымкент қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту» орталығы жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Uakit.kz.
Ұлттық жоба аясында жұмыссыздық санын азайту мақсатында субсидияланатын жұмыс орындары келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылған.
1.Жастар практикасы – 3 жыл ішінде оқуын аяқтаған және алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған. Ұзақтығы: 12 айдан аспайды. Жалақы: 30 АЕК. Сондай-ақ 29 жастан аспаған жұмыссыздар қатыса алады.
2.Осал топтарға арналған «Әлеуметтік жұмыс орындары» — жұмыс беруші тағайындаған жалақының 35% мемлекет субсидиялайды, Бұл ретте, субсидия көлемі 20 АЕК аспайды.
3.Қоғамдық жұмыс орындары — жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын әлеуметтік пайдалы жұмыс.
4.«Алғашқы жұмыс орындары» жобасы — белгілі бір жағдайларға байланысты оқымайтын, жұмыс жасамайтын жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру шартымен ұйымдастырылады.
5. Ұрпақтар келісім шарты — жұмыс істейтін зейнеткерлік жасқа жақындаған қызметкерлерден жинақталған тәжірибе мен дағдыларды беру үшін арнайы құрылған жұмыс орны.
6. «Күміс жас» — бағдарлама аясында зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған азаматтар уақытша жұмыспен қамтылады.
Осы және өзгеде жұмыспен қамту шаралары туралы толығырақ @zhumispen.kamtu парақшасынан біле аласыздар.
Айта кету керек, 2022 жылдың 2 тоқсандағы жағдайымен Шымкент қаласы бойынша жұмыссыздар саны 22 546 адам, жұмыссыздық деңгейі 5% құрайды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде  2022 жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 29 277 адам қатысты немесе жоспар 87,4% орындалды.