ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БЕЙБІТШІЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

100
0
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы құндылығы» және «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Мақсаты — жастарға отбасы құндылығы бойынша және бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың және жалпы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Аманкелді Нұрдаулет, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім маманы Омарбаев Бектұрсын, «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Қалдар Тунтекова, Жастар ресурстық орталығының мамандары Қыпшақбаев Рауан, Әлім Арайлым және «Достық» колледжінің студенттері қатысты. Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметтеу сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді. Айта кету керек, жуырда Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас кәсіпкер Омар Сағдат Абдімәлікұлы Shymkent жоғары педагогикалық колледжі студенттерімен кездесті. Іс-шараның мақсаты- қаламыздағы жас кәсіпкерлерді қолдау, жұмыссыз жастардың санын азайтып, өз кәсібін ашуға баулу. Сонымен қатар, мемлекеттің қолдауымен кәсіп бастауға болатындығын насихаттау. Кездесу барысында кәсіпкерлердің алдында кездесетін кедергілер мен оларды шешу жолдары және бизнес жүргізудің қыр-сырын, бизнесмен сипатын шыңдайтын табыстар мен сәтсіздіктер туралы өз тәжірибесімен және жетістік құпияларымен бөлісті. Табысты кәсіпкердің басты қасиеттері еңбекқорлық, өмір бойы білім алу мен өзін-өзі жетілдіру екенін атап өтті. Студенттер өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.