ДЕМАЛЫС ДҮРБЕЛЕҢСІЗ ӨТСІН ДЕСЕҢІЗ…
Өскелең ұрпақ табиғи және техногенді апаттың құрбаны болмас үшін әрдайым ересектердің бақылауында болуы аса маңызды. Осы бағытта Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі ата-аналармен ұдайы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді,-деп хабарлайды uakit.kz.
Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептерде ата-аналарға күз, қыс, көктем мен жаз демалысы кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін қаперден шығармауы туралы түсіндірулер жүргізеді. Мақсат айқын – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қайғылы жағдайларды алдын алу.
Түсіндіру жұмыстары кезінде мектеп мұғалімдері ата-аналарға төмендегі жадынамаларды қаперден шығармауға шақырады.
Күзгі демалыс кезіндегі балалар үшін қауіпсіздік ережелері:
– Күз мезгілінің ерте түскеніне байланысты өзендер мен көлдердің бетін жапқан мұздар өте қауіпті болып келеді. Бұл мұзды басуға болмайды. Күзгі мұз адам басқан салмағынан шатырлап, кауіп туралы ескертеді;
– Су қоймасындағы күзгі мұзды басу кауіпті;
– Күзде балаларға су қоймаларын кесіп өтуге тыйым салынады;
– Күзде өзендердің мұзы жарылып кету қаупі жоғары болады. Сондықтан ондай жерлерде балаларға ойнауға болмайды. Мұздан мұзға секіріп, жағадан алысқа кету өте қауіпті. Мұндай әрекет қайғылы жағдайға әкеледі.
Қысқы демалыс кезіндегі балалар үшін қауіпсіздік ережелері:
– Қыс кезінде қауіпсіздіктің негізгі ережесі жолда абай жүру;
– Қыста күн қысқа. Ерте қараңғы түседі. Қараңғы уақытта жолда келе жатқан көліктің қашықтығын анықтау қиынға түседі. Себебі, жақындағы машиналар алыста, алыстағы машиналар жақын орналасқандай көрінеді. Қараңғыда және алакөлеңкеде аса мұқият болған жөн. Жолда тек қана бағдаршам орналасқан және жаяу өтетін жерлерден ғана өткен жөн:
– Қар жауып тұрған кезде көздің көруі төмендейді. Күртік карлар пайда болады. Жаяу жүргіншілермен көліктердің қозғалысында қиындықтар пайда болады. Қар жаяу жүргіншінің көзін шағылыстырады және жолды бақылауға бөгет жасайды. Сондықтан аса сақ болу қажет;
– Қыс уақытында жаяу жүргіншілер бөлігінен өтетін кезде келе жатқан машинаны өткізіп барып немесе оның тоқтағанын көргеннен кейін ғана өту қажет;
Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі:
– Көктем уақытында қар еріген кезде жерде көлшіктер пайда бола бастайды. Және олардың астында ерімеген мұздар жатады. Жолдар өте тайғақ бола бастайды. Сондықтан жолдан өтер кезде, келе жатқан көліктерді жіберіп, асықпай жолдан өту керек;
– Жылы қысқы киім адамның емін-еркін қозғалуына кедергі жасап, адамның жүрісін баяулатады. Сүрініп қалғанда, мұндай ауыр салмақты киіммен теңдікті ұстау қиын болады;
– Су тасқыны және сең жүру кезiнде жарылайын деп тұрған бөгет маңында болу қауiптi;
– Осы кезеңде көктемгi мұздың өте қауiптi екенiн ұмытпау керек. Ол сырт жағынан қатты секiлдi көрiнсе де күн шуағы мен тұман су айдынының сетiлуiне дейiн оны қуыс, борпылдақ етеді. Мұндай мұз көлiктiк құралдарды айтпағанда адамның салмағын да көтере алмайды;
– Көктемде су айдындарынан өтуге қатаң тыйым салынады. Әсiресе өзеннiң сетiлуi кезiнде мұзда ойнауға жол берiлмейдi. Мұздан мұзға секiрiп және жағалаудан алыстауға болмайды. Мұндай жағдайлар қайғылы оқиғамен аяқталады.
– Су тасқыны кезеңiнде, әсiресе су басатын жергiлiктi жерлерде үнемi радионы қосып қою қажет. Өйткенi селдің жүруі күтпеген жағдайда орын алуы мүмкiн;
– Көктемде балалардың ойнайтын жерлерiн бақылауды күшейткен жөн;
– Балаларға әсiресе, сең жүру кезiнде үлкендердiң қарауынсыз өзенге баруларына жол бермеңiздер;
– Балаларға өзендер мен көлдердiң ашылуы кезiнде мұзда болу қауiптi екенiн ескертiңiздер;
– Балаларға су тасқыны кезеңiнде өзiн-өзi ұстау ережелерi жөнiнде айтыңыздар;
– Оларға суда ойнауға тыйым салыңыздар;
– Жарылған мұз, салқын су, судың тез ағу қаупi өлiмге әкелуi мүмкiн;
– Көктемдегi су тасқыны және сең жүру кезiнде су айдынына шығуға, сең жүрген кезде өзен арқылы өтуге, мұзы жарылған өзенге жақындауға, тасқын су және опырылатын жағалауда тұруға, көпiрлерде, бөгеттерде және бөгеулерге шығуға, опырылған мұзға жақындауға, сеңдердi жағалаудан итеруге, өзеннiң немесе басқа су қоймасының тереңдiгiн өлшеуге, сең үстiнен жүруге және онымен сырғанауға тыйым салынады.
Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі:
– Шомылу маусымы кезінде тамақ ішкеннен соң 1,5 сағат уақыттан кейін шомылған жөн;
– Балалар су жағаларында шомылған дұрыс. Себебі олар төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған қажетті құралдармен жабдықталған және қамтамасыз етілген;
– Балалар тек рұқсат етілген және қасында ересектер болған жағдайда шомылуға болады;
– Таныс емес жерлерде сүңгуге болмайды. Түбінде батып кеткен бөренелер, тастар, тырбиған ағаштар болуы мүмкін;
– Батпақты жерлерде, балдырлар мен ұйықтар бар жерлерде шомылмаған жөн;
– Үрлемелі матрастармен, автокөлік камералармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге болмайды. Қол астындағы құрал сынып қалуы, жыртылып қалуы мүмкін. Адам күтпеген жерде суда қалады, бұл тіпті жүзуді жақсы меңгерген адам үшін де өте қауіпті;
– Қайыққа жармасуға болмайды;
– Дауылды ауа райы кезінде немесе қатты толқында шомылуға болмайды;
– Көмекке ересектерді шақыруға ұялма.