МҮЛКІҢІЗДІ ӨРТТЕН ҚОРҒАҢЫЗ
Ағымдағы жылдың 13-қазанында күндізгі сағат 14:40-та Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары кезекті рет қызыл жалынмен күресуге бет алды,-деп хабарлайды uakit.kz.
Өрт сөндірушілер кезекші диспетчерге келіп түскен хабарлама бойынша қаладағы Б. Қалиби көшесінде орналасқан үйдегі өртті сөндіру үшін өрт сөндіру автокөліктерімен оқиға орнына жедел жетті.
Құтқарушылар келгенде анықталған жағдай ұзындығы мен ені 9х7 метр өлшемді құрайтын баспана ішіндегі аумағы 12 шаршы метр құрайтын бөлме ішіндегі сандықтар жанған. Қызыл жалын сандықта жиналу тұрған қатар жүктегі көрпе-көрпешелерді қоймаған. Содан соң тілсіз жау бөлменің төбе жаппасына дейін шарпып дес бермеген. Сол мезетте құтқарушылар келіп, өртті санаулы минуттарда ауыздықтап, сөндірген.
Зардап шеккендер мен күйік шалғандар жоқ.
Оқиғаға байланысты құтқарушылар азаматтарға электр құралдарын дұрыс пайдалануды, кейбір құрылғылардың артық уақыт қуат көзінде болмауын қаперде ұстауды ескертеді. Және сіріңкелерді балалардың қолы жетпейтін жерге қоюды ұмытпауға шақырады.