ШЫМКЕНТТЕ СУ БАСУЫ МҮМКІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУДА

68
0

Ауа райының қолайсыздығынан қаламызда жауын шашын мөлшерінің көптігіне байланысты су басу қауіпі бар аумақтар әкімшілік қызметкерлері мен мердігер мекемелерден құралған кезекші бригадалардың бақылауында, деп хабарлайды  Uakit.kz.
Қазіргі кезде арнайы техникалардың көмегімен су тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Су тарту және тазалық жұмыстарына «Build stroi» мердігер мекемесі тарапынан — 11 су көлігі, 1 камаз ассенизатор, 3 газ-53, 15 мотопомпа және 8 бригада (32 жұмысшы), «Жасыл жер» мердігер мекемесі тарапынан — 13 су көлігі, 6 мотопомпа, 1 асенизатор, 27 жұмысшы жұмылдырылды.
Қазіргі таңда су алу қауіпінің алдын алу мақсатында бірқатар шаралар жүргізіліп, ирригациялық жүйелер мен су арналары тазартылуда. Жағдай Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан тұрақты бақылауда.
Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданының әкімшілігінің қызметкерлері мен мердігер мекемелерден құралған кезекші бригадалар да өз жұмыстарын атқаруда.
Бірінші кезекте су басу қауіпі басым аумақтар – Сәуле ша.а Тұмарлы көшесі, Жеңістің-50 жылдығы, Ынтымақ, Ақмешіт көшесі, Самал-2 ш.а. Байдала көшесі, Жанкент және А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысы, Орталық аумақта Ж.Тәшенов пен Тәуке хан даңғылы, Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылыс айналма жол, Т.Айбергенов көшелері бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүргізілуде. Жаңбырдан жиналған суларды тазарту үшін «Build stroi» ЖШС-ы тарапынан — 5 Камаз бочка, 2 мотопомпа, 15 жұмысшы жұмылдырылды. «Байтерек» ЖШС-ы тарапынан — 4 камаз бочка, 3 мотопомпа, 10 жұмысшы тартылды. Сонымен қатар, ирригациялық арықтарды тазарту жұмыстары да қатар атқарылуда. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің ауласын су басу қауіпі жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда.