ӨРТТІ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ПӘТЕРЛЕР СУ МЕН ЖАРЫҚТАН УАҚЫТША АЖЫРАТЫЛДЫ

Осы айдың 8 күні түнгі сағат 00:11-де Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне қаладағы І мөлтекаудандағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерлерде төбеден су кетіп жатқаны туралы хабарлама келіп түседі.

Түскен хабарлама бойынша құтқарушылар айтылған мекенжайға арнайы техникамен келеді. Өрт сөндірушілер келген кезде анықталған жәйт –көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы №15 пәтерінен  үшінші  қабаттағы 13 пәтерге  су  тамшылап аққан. Төртінші қабаттағы пәтер иесі үйде болмаған. Оқиға орнында құқық қорғау қызметкерлері де болған. Полиция үй есігін бұзып, ашық тұрған кранды жабу заңға қайшы екенін алға  тартқан. Апатты алдын алу мақсатында 13 және 15 пәтерлердің электр жүйелері сөндірілді. Түркістан су арнасының қызметкерлері жер төледен су арнасын жауып тастады.  Зардап шеккендер жок.

Оқиғаға байланысты өрт сөндірушілер қала тұрғындарына көптеген төтенше жағдайдың салдары өрт оқиғасына ұласуы мүмкін екенін, оны алдын алу үшін оқиға орын алған жерге өрт сөндірушілерді жедел шақыру артық етпейтінін ескертеді.