ШЫМКЕНТТЕ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕГЕ САЙ ЖҮРУДЕ

109
0

Шымкенттіктерді көгілдір отынын қамту жұмыстары кезең-кезеңімен өз шешімін табуда, деп хабарлайды  Uakit.kz.
Шымкенттіктердің 93% көгілдір отынмен қамтылған. Жыл соңына дейін Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран (2 кезек) елді мекендері табиғи газ жүйесіне қосылады. Сонда тағы 34 мыңнан астам тұрғын сапалы газға қол жеткізген болады. Қазіргі кезде «ҚазТрансГазАйма» Шымкент Өндірістік Филиалымен (ШӨФ) бірлесіп жұмыс жасалуда. Бұл туралы қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков Батыс елді мекені тұрғындарымен кездесуі барысында айтып, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
“Барлық жұмысты 1 ай көлемінде немесе одан да тез мерзімде шешу үшін мүмкіндіктерді жан-жақты қарастырудамыз. Заң бәрімізге ортақ, құжаттарды рәсімдеу соған сәйкес жүргізіледі. Құрылыс барысында кеткен кемшіліктер ретке келтірілуде. Жыл соңында аяқталатын жұмыстар жоспарланған кестеге сай жүргенімен күн қараша айынан бастап суытады. Тұрғындарға көмір түсіру мәселесін жаздан бері айтып, түсіндіріп келеміз”,-деді басқарма басшысы.
Батыс елді мекені бойынша 49 шақырым газ құбыры тартылып, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді газға қосу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. «ҚазТрансГазАймақ» ШӨФ абоненттеуді 10 күн аралығында бастайды. Басқа да елді мекендерді газбен қамту құрылысы рет-ретімен жүзеге асырылуда. Жалпы биыл 18 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілді. Ақтас және Сәуле магистралының құрылысы да аяқталуға жақын.
Айта кету керек, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше қазіргі уақытта Шымкенттегі 81 елді мекеннің 42-сі табиғи газбен толық, 31-і жартылай, 8 елді мекен қамтылмаған. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында 2022 жылы барлығы 15 нысанда құрылыс жұмыстарын  жүргізілуде. 2022 жылдың қорытындысымен Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран 2 кезек, Сәуле елді мекендері  және Ақтас магистралды жүйелердің құрылысы аяқталатын болады. Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелеріне қосылуға мүмкіндік алады. Жыл қорытындысымен, Шымкент қаласы тұрғындарының табиғи газбен қамтылу көрсеткіші  93%-дан —  94,7%-ға жететін болады.