МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2
0

Бүгінгі өскелең ұрпақ – ертеңгі елдің тізгінұстары. Сондықтан олардың қазіргі көзқарасы, ұстанымы болашақта елдің даму қарқынын айқындайды. Сондықтан бүгінгі жастардың ойы мен пікірінің дұрыс болғаны өте қажет. Өкінішке қарай, бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлық түйткілдері кездесіп жатады. Оның алдын алу шаралары қарқынды қолға алынғанымен, әлі түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Сондықтан халықтың бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытудың маңызы айрықша. Бұл тұрғыдан келгенде, ересек адамдардың санасын өзгерту аса қиын. Өйткені оның қалыптасып қалғанына біраз болған. Ал жастармен жағдай мүлде басқа. Өскелең ұрпақ бүгіннен бастап жемқорлық сынды адами қасиеттерге жат қылықтан жиренсе, қоғам бірте-бірте өзгере бастайды. Осы мақсатта еліміздің басым бөлігінде аталған түйткілдің түйінін ағыту бойынша ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізіліп келе жатыр. Оның ішінде жыл басынан бері Түркістан қаласында бірқатар бастамалар қолға алынып, сәтті жүзеге асты. Тіпті, қазіргі күннің өзінде білім ордалары мен орта арнаулы оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы мәдениетті дамыту шаралары қарқынды жүргізіліп келе жатыр. Жуырда осындай бір шара өткен еді. Бүгінгі материалымызда осы тақырып турасында тарқата баяндамақпыз…

Түркістан қаласының білім бөлімі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы департаментінің 21.08.2024 ж N28/1-3/1915 хатына сәйкес, Ғани Мұратбаев атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайту  мақсатында «Адалдық-адамдықтың белгісі», «Адал дос», «Адалдық алаңы», «Адалдық-асыл қасиет» тақырыптарынла тәрбие сағаттары өткізілді. Аталған сынып сағаттарды ұйымдастырудағы мақсаты — оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды болу сынды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ете отырып, адалдық, шындық туралы түсінік беру, бір-біріне адал достыққа, мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Осы орайда, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері жастарға өзекті мәселе турасында толымды ақпараттар берді. Соңғы уақытта көкейтесті мәселе болып отырған тақырып бойынша тың мәліметтермен бөлісті. Айта кету керек, бүгінде сыбайлас жемқорлық деректерін жою бойынша кешенді шаралар жүргізіліп келеді. Дегенмен өзекті түйіндер әлі де баршылық. Мәселен, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде өнім берушінің қосалқы мердігерлермен шарттар жасасуының ашық болмауына байланысты, өнім берушінің әлеуетін бағалау әрдайым объективті бола бермейді. Жалған актілерге қол қою кең тараған проблема болып қалып отыр. Уақтылы игермегені үшін тәртіптік жауапкершіліктің бұлтартпастығы заңды «мәжбүрлі» түрде бұзуға алып келеді. Нәтижесінде жұмыстың сапасы емес, бюджеттің формальді түрде атқарылуы басым болып шығады. Бір көзден алу тәсілімен тікелей сатып алу үлесі әлі де болса жоғары. Сатып алуды қағаз форматта жүзеге асыруға болатыны тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді негізсіз сатып алуды, олардың құнын қолдан көтеруді және өзгеше бұзушылықтарды тежейтін қоғамдық мониторингті шектейді. Халықаралық ұйымдардың (Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, ЭЫДҰ) сарапшылары атап өткендей, Қазақстанда бірыңғай заңнамалық және нормативтік құқықтық базаның болмауы сатып алудың ортақ және экономикалық тиімді практикасына кедергі жасайды. Мемлекеттің экономикаға қатысуының елеулі үлесі экономикалық қызмет субъектілері арасындағы бәсекелестікті іркіп, мықты жекеше сектордың қалыптасуына кедергі келтіреді және елдің жаңа экономикалық өсу моделіне көшуін тежейді. Мемлекеттік кәсіпорындардың ресурстарға, нарықтарға және қаржыға артықшылықпен қол жеткізуі жекеше компанияларды тиімсіз жағдайға қалдырады және экономикалық әртараптандыруды, тікелей шетелдік инвестицияларды және өнімділіктің өсуін ілгерілету жөніндегі күш-жігерге нұқсан келтіреді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды. Олардың ішкі нарықтағы үстемдігі отандық кәсіпорындардың жалпы бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, бұл сыртқы нарыққа аударып қарағанда көрші мемлекеттерге қатысты экономикалық позициялардың жоғалуына алып келеді. Мемлекеттік сатып алудың едәуір бөлігі мемлекет қатысатын компаниялар арасында баламасыз бөлінеді, бұл осы институтты шағын және орта бизнесті дамыту үшін пайдалану мүмкіндігін төмендетеді. Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері олардың қажеттілігі терең пысықталмай құрылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған сыртқы талдау олардың бірқатары министрліктердің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін қайталайтынын анықтады. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасында атап өтілгендей, бүгінгі күні мемлекеттің квазимемлекеттік сектормен бірге экономикадағы үлес салмағы 60-80 пайызға жетеді. Сонымен қатар, активтерді жекешелендіру мен бәсекелес ортаға берудің қолданыстағы тетігі мүдделер қақтығысын жоймайды және объектілерді кепілдік жарнадан төмен бағаға сатып алуға жол береді. Тиісті ұсыныстарды дайындау форматы, оған қоса шарттарды, әдістерді, акциялар пакеттерінің мөлшерін, объектілерді өткізу және сату алдында дайындау мерзімдерін анықтау осы процестің ашықтығын көздемейді.  Сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдердің тәжірибесі оны барынша азайтудың басты шарты азаматтық қоғамның кеңінен тартылуы болып табылатынын айғақтайды. Дегенмен Қазақстанда қоғамдық бақылау институты құқықтық тұрғыдан жеткілікті түрде регламенттелмеген. Деректердің жабықтығы азаматтардың шешім қабылдауға тікелей қатысу мүмкіндігін шектейді, ал қолжетімді ақпараттың мәні түсінуге қиын және формальды сипатта болады. Мұндай тәсіл пікірлердің плюрализмін тежейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуеті толық көлемде пайдаланылмайды. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаудың бюрократияландырылған тәсілдері азаматтардың сыбайлас жемқорларды анықтау мен әшкерелеудегі белсенділігін төмендетеді. Қолданыстағы заңнамада сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды қорғаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін шаралар жүйесі көзделмеген. Барлық субъектілер, салалар мен аумақтар бөлінісінде сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалаудың бірыңғай ұлттық жария жүйесі жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мониторингі әлеуметтанушылық өлшемдердің тұрақты және ашық әдіснамасына негізделмейді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлігінде өлшенетін нысаналы көрсеткіштердің түпкілікті, негізделген, түсінікті және тұрақты тізбесі жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ағымдағы ахуалды талдау жалпы алғанда, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, қоғамның әділдікті, баршаның заң алдындағы теңдігін және жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге деген сұранысының сақталып отырғанын көрсетеді.