БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА

65
0

Шымкентте жылдан-жылға денсаулық сақтау мекемлеріне жақсы көңіл аударылып келеді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Осы жылдың маусым айында күрделі жөндеу жұмыстары қырқынды түрде басталған нысандардың бірі — №2 оңалту орталығы, 18 жасқа дейінгі балаларды медициналық оңалту қызметін атқарады. Орталықта невралогиялық ақауы бар және кардиохирругиялық, ортапедиялық отадан кейін балалар оңалту емін алады. Бұл үшін мұнда медицина мамандары балаларға физиотерапиялық емнен бастап, гидроәдіс, массаж және логопед пен психологтың қызметін көрсетеді. Сондай-ақ емдеу мекемесінде мамандар монтессори жүйесі бойынша жұмыс істейді.
Орталықтың аумағы 2500 шаршы метрді құрайды, мұндағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл тұстан қосымша «Қамқорлық қоры» КҚ қолдауымен 3 жасқа дейінгі неврологиялық ауытқуы бар балаларға арналған ерте араласу орталығы ашылмақ.
Аталған нысан жылына 600 бүлдіршінге көмек беретін болады. Сонымен қатар қайырымдылық қоры есебінен жалпы сомасы 125 млн теңгені құрайтын медициналық жабдықтар алынбақ.
Орталықта невралогиялық ақауы бар және кардиохирругиялық, ортапедиялық отадан кейін балалар оңалту емін алады. Бұл үшін мұнда медицина мамандары балаларға физиотерапиялық емнен бастап, гидроәдіс, массаж және логопед пен психологтың қызметін көрсетеді. Сондай-ақ емдеу мекемесінде мамандар монтессори жүйесі бойынша жұмыс істейді.
Естеріңізде болса, былтыр №2 оңалту орталығы жаңа жабдықпен толыққан болатын. Медициналық мекемеге тіркек қимылы бұзылған балаларды емдеуге арналған «E-helper» апппараты орнатылды. Роботтандырылған жаңа құрылғыда балаларға арнайы аяқ киім кигізіліп, өздігінен қозғала бастайды. Нәтижесінде бұлшықеттер қозғалып, жүйке жүйесімен байланыс орнатылады дейді орталық мамандары. Мұндай экзоскелет құрылғысы қалада алғаш рет қолданысқа еніп отыр. Жаңа құрылғы арқылы аяқтың әлсіздігі, үйлестіру бұзылыстары бар науқастарды, инсульт, склероз, паркинсон, сал ауруы, жұлын және бас миының жарақаты, кардиологиялық ақаулар мен ковидтен кейін пайда болған асқынуларды емдеуге болады.