ШЫМКЕНТ: ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ

83
0
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталықта Шымкент қаласындағы коронавирусты инфекцияның эпидемиологиялық ахуалы туралы брифингте Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова айтты.
«Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы салыстырмалы тұрақты. Қала 2022 жылдың 05 ақпаннан бастап «жасыл» аймақта. Қаланың стационарлық емдеу мекемесінде бүгінгі күні КВИ 14 науқас емделуде, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 4 бала мен 8 жүкті әйел. 2022 жылдың басынан медициналық қызметкерлер арасында 53 зертханалық расталған жағдай, 48 медициналық ұйымда тіркелді, анықталмаған пневмониямен ауырғандар (U07.2) тіркелген жоқ. Тіркелген жағдайлар арасында топтық, кәсібімен байланысты жағдайлар анықталған жоқ»,-деді А.Мелесқызы.
Спикердің сөзінше 2022 жылғы 1 қаңтар мен 04желтоқсан аралығында COVID-19 инфекциясымен 9472 жағдай тіркелді, оның ішінде симптоммен -6210, симптомсыз-3262. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 2297(24,6) жағдай тіркелді, 1 жасқа дейін балалар арасында 737(31,5%) жағдай тіркелді. СOVID-19 инфекциясы 2022 жылдың 04 желтоқсанына жағдай тіркелмеді.
Айта кетейік, бүгінде коронавирусты инфекцияға қарсы қала бойынша вакцинациялау және ревакцинациялау тұрғындарға «QazVac», «Vero Cell» және «Комирнати» Pfizer вакциналарымен жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады. КВИ-ге қарсы ревакцинация алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған және ауруды жұқтыру қаупі жоғары төмендегі адамдарға КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялау жүргізіледі
1) медицина қызметкерлеріне;
2)медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналдарына;
3) күш құрылымдарының қызметкерлеріне;
4) педагогтар;
5)пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенттеріне;
6) 50 жастан асқан адамдарға;
Қала бойынша 04 желтоқсанға 400734 адам ревакцинациялаудан, 80800 адамқайта ревакцинациялау екпесін алды. Қазіргі таңда коронавирусты инфекция жағдайының тіркелуі басылар емес, сондықтан егу жұмыстары жалғасуда. Короновирусты инфекцияның алдын алу мақсатында бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету мекемелерінде, емханаларда вакцинациялау ақпараттандырылған, жазбаша келісімі арқылы тегін жүргізіледі.