ШЫМКЕНТТЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ӨНІМДЕР ӨНДІРІЛУДЕ

Шымкенттік шұлық фабрикасы жаңартылған ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған өнімнің үлкен ассортиментін ұсынады, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкенттегі «Оңтүстік» индустриалды экономикалық аймақта орналасқан «Аlem БТ» фабрикасы сапасы  жоғары, бәсекеге қабілетті шұлық өнімдерін өндіруде. 2015 жылы бастау алған фабрика заман талабына сай Оңтүстік Корея технологиясы бойынша жылына 18 млн жуық жұп шұлық өнім өндіруде. Фабрикада жоғары технологиялық 246 автоматты тоқу құрылғылары орналылған. Өнім табиғи мақтадан, жүннен, бамбуктан жасалған. Шұлықтар киюге ыңғайлы терлетпейді, бактерияға қарсы қасиеттерге ие. Өнімдерді өндіру үшін фабрика танымал өндірушілердің ең жақсы шикізаты мен материалдарын таңдайды. Аталған фабирканың аумағы 12 мың шаршы метрді құрайды. Бәсекеге қабілетті шұлық жуырда еуропалық сандартпен әлемдік «Alemsocks» брендке айналуды көздеп отыр. Қазіргі таңда фабрика түрлі дизайндегі сапалы шұлықтарды жасап, тұтынушыларды көңілдерінен шығуда. Өндіріс орның өнімдері сапасы жоғары, бағасы қонымды әрі сұранысқа ие тауарлардың біріне айналған.
Бүгінде фабрика өніміне деген қызығушылық шет мемлекеттерден танытуда. Қазіргі таңда өндіріс өнімінің 75 пайыз экспортқа шығарылып жатыр. Өнімнің басты тұтынушылары Ресей, Италия мемлекеттері болып отыр. Алдағы уақытта инвесторлардың қолдауымен Италияның «Lunati» станоктарын алып, қуаттылығын бірнеше есе арттыруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда фабриканың беделін арттыру үшін арнайы Түркиядан мамандар келіп жұмыс істеуде. Алдағы уақытта зауыт жылдық қуаттылығын арттырып, отандық өнімге деген сұранысты арттыруды көздеп отыр. Отандық өнім өндірушілер бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, аз уақыттың ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында шұлық импортын алмастыра алатындай жағдайға жетіп отыр.
Шымкент қаласының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше Шымкент қаласында 2022 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 101 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (заңды тұлғалар – 19,1 мың бірлік, жеке тұлғалар – 77,5 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 4,3 мың бірлік), өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 39%-ға өсім көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 179,9 мың адам жетіп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға өскен. Өндірілген өнім көлемі бойынша 2022 жылдың 1-тоқсанында 317,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға артқан.