«АДАЛ – ЖАС ҰРПАҚ» АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

60
0

Байқау Қазақстан Ресбуликасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және Білім басқармасы, Саз колледжі бірлесе «Адал – жас ұрпақ» атты патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу бағытында өрбіді.

Байқаудың басты мақсаты – музыкалық туындылар, танымал музыка арқылы отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құндылықтарын дәріптеу болып табылады. Байқауға жалпы қаламыздағы мелекеттік, жеке меншік 15 колледжден патриоттық әндерді орындаушы 23 студент өзара бақ сынады. Жеке орындаушылар өздерінің вокалдық өнерлерін көрерменге ұсынса, қатысушылар мәнерлеп оқу дағдыларынан да сынға түсті. Халық әндері мен қазіргі заманғы патриоттық әндер де шырқалды. Жүлделі орындарды анықтау барысында қазылар алқасы байқауға қатысушылардың дауыс ырғағына, орындаушылық шеберлігіне, әннің байқау шартына сәйкестігіне, орындаушылардың сахна мәдениетіне баса назар аударды. Байқау қорытындысы бойынша байқаудың екінші кезеңіне 15 қатысушы да өтті. Екінші кезеңде халық әндері орындалды. Әділқазылар шешімімен үшінші орын Шымкент жоғары педагогикалық колледжінің студенті Ақтанбек Әйгерім Абайқызына бұйырды. Индустриалды техникалық колледж студенті Әбілжан Нұрислам Бауыржанұлы да үшінші орыннан көрінді. 2 орынды Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенті Үсенхан Томирис Русланқызы иеленсе, 1 орынға Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі студенті Мұса Гүлназ лайық деп танылды.  Сонымен қатар, барлық қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Байқау жеңімпаздарына жастардың заманауи қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, екі үшінші орын иегерлеріне “Кәсіби Ағылшын тілін үйренуге”сертификаттар, екінші орын иесіне “Мирас-фитнес клубына абонемент” сертификаты табысталды. Ал 1 орын-Адал жас ұрпақ -2022 иегері “Көлік жүргізу курсы”сертификатын сыйға тартты. .